Әлсіз адамдар

Pexels: Yaroslav Shuraev

Күш пен өзіне деген сенімділік – бұл әр адам мүмкіндігінше ертерек табуы керек ең маңызды қасиеттер. Бірақ, бәрінің қолынан келе бермейді. Мүмкін сен де ішкі сенімділігіңді қалай дамыту керектігін әлі түсінбеген шығарсың, сондықтан айналаңдағы адамдар әлсіз деп ойлайды. Төменде бұған әкелуі мүмкін бірнеше себептер жазылған.

  1. Сен бәріне «иә» дейсің

Егер жанашыр адам болсаң және достарың мен туыстарыңа көмектесуге әрқашан дайын болсаң өте жақсы. Бірақ, бас тартуды және ол үшін өзіңді кінәлі сезінбеуді үйренбесең, адамдар сені пайдалана бастайды. Олар сені әлсіз деп ойлайды және лайықты сыйластық көрсетпеуі мүмкін.

Өз ойыңды сәл қаттырақ айтып қалсаң, кейбір таныстарың айыптайды. Олар сенің жаман жаққа өзгергеніңді және өзіңнің өткен нұсқаңа қайта оралуың керек деп сендіреді. Оларды тыңдама және өмір сапасын жақсарту туралы шешіміңді қолдайтындармен ғана байланыста бол.

2. Сен әрқашан бірінші болып кешірім сұрайсың

Кешірім сұрай білу – дана және эмоционалды тұрақты адамдарда жақсы дамыған маңызды дағды. Бірақ, сен бірінші болып кешірім сұрасаң және оған ешқандай себеп болмаса, онда бірдеңе дұрыс емес. Сен бәріне көне беретін шығарсың, сондықтан айналаңдағылар сені әлсіз адам деп санайды.

Келесі жолы кикілжің орын алса, кешірім сұрауға асықпа. Кідіре тұр және басқа адамның мінез-құлқын талда.

3. Сен үнемі кикілжіңдерден қашасың

Жанжалдардан аулақ болу ішкі үйлесімділікті және басқалармен жақсы қарым-қатынасты сақтаудың тамаша тәсілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ, олай емес. Уақыт өте келе сенде айтылмаған жағымсыз эмоциялар жиналады, бұл созылмалы стресстің, ашудың және әртүрлі аурулардың дамуына әкеледі. Басқалар сенің көзқарасыңа сенімді емес екеніңді байқайды, сондықтан өз ойыңды ашық білдіруден қорқасың. Бұл олардың саған ұнамайтын іс-әрекеттерге баруына алып келеді.

Кикілжіңдерді тиімді шешудің бірнеше жолы бар. Қажеттіліктерің туралы ашық сөйлей білу, наразылықты нақты тұжырымдау және бір мәмілеге келу маңызды.

4. Сен тым қарапайымсың

Қарапайымдылық жағымды қасиет болса да, оны басқалар әлсіздік және өз-өзіне күмәнданудың белгісі ретінде қабылдауы мүмкін. Тым қарапайым адамдар назар аудартудан аулақ болады, бірінші болып әңгіме бастамайды және ешқашан жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Айналасындағылар мұны әлсіздік деп түсінеді және оны өз мақсаттары үшін пайдаланады.

Саған тым кішіпейіл немесе қарапайым екеніңді жиі айтады ма? Бұл туралы ойланатын кез келген шығар. Өзіңе бірнеше кішігірім мақсаттар қойып, позитивті ойлауды баста. Талқылауларда жиі пікір білдір, интонациямен жұмыс жаса және өз ұстанымыңды дәлелдеуді үйрен.


Фото: Pexels

Дереккөз: HERIOINE