Ninety One x ELLE: ізденіс, еркіндік, өзгешелік. JUZ Entertainment-тен кеткеннен кейінгі ауқымды сұқбат

Бірнеше ай бұрын, қазақстанның музыка индустриясында күтпеген жағдай орын алды. Ерболат Беделханның JUZ Entertainment лейблындағы шәкірттері Ninety One жеті жылдық ортақ жұмыстан кейін, келісім-шартты бұзатындарын хабарлады. ELLE жігіттермен шығармашылық еркіндік, ізденіс, алдағы жоспарлары мен басқа да жаңалықтары жайлы тілдесіп қайтты.

Ninety One x ELLE: Біз таңертең дыбыс жазатын студияда кездесеміз деп келістік, онда Ace, Bala, Alem және Zaq шығармашылықпен айналысу үшін күнделікті уақыт өткізеді (кейде тіпті түнімен, кейде тәулігімен де). Еске салсақ, дәл осы жерде жігіттер өздерінің алғашқы «Айыптама» және «Qarangy Zharyq» альбомдарын жазған еді. Шынына келсек, студияның кілті бар, бір мембердің ұйықтап қалуына байланысты (қолмен көрсетпей-ақ қояйық, бірақ мұқият болған адам кім екенін бірден түсінеді), жақын жердегі кафеге баруға тура келді. Айта кететін жәйт – жігіттер айналасындағы адамдарға керемет әсер қалдырды. Тіпті, даяршы ас мәзірін ұсынар кезде де, қолданылған ыдысты алып кетер кезде де, жымиып өзінің ілтипатын білдіріп жүрді.

ELLE: Студия туралы естеліктер қандай? Қанша дегенмен ол жерде алғашқы шығармашылық жолындағы тәжібрие жинақтадыңдар ғой.

ZAQ: Біз үшін орны бөлек жер.Қара шаңырақ десек те болады. Біз бұл жерге кез-келген уақытта бара аламыз, тамақ ішу үшін немесе қалаған кезімізде қонып та қала аламыз. Ондай да болған.
ALEM: Ең алғаш рет ол жерге барған кезде, есімізден таңып қала жаздадық.  Барлық техникамен жабдықталған, жаныңа не керек дүниенің бәрі бар. Бұл біздің жөні түзу бірінші студиямыз болған шығар. Барлығына таңқалып, қызығушылықтан сұрағымыз көбейді.
BALA: Мен сол кездерді жиі есіме аламын.

ELLE: Ал, қазір студияда немен айналысасыңдар? Қандай туындымен жұмыс жасап жатырсыңдар?

ZAQ: Әзірге біз,көбіне ұйымдастырушылық жұмыстарды қолға алдық, соған қатысты жиі жиналыс жасаймыз. Барлық мәселелерді шешіп, ретке келтіріп алу керек. Барлығын шешкен соң, осы жылға жоспарлап отырған, жаңа альбомды жазуды бастаймыз. Біздің екінші толыққанды үнтаспамыз болады.

«Жан қалауы мен шындықты қалаймын».

Ninety One x ELLE: ізденіс, еркіндік, өзгешелік. JUZ Entertainment-тен кеткеннен кейінгі ауқымды сұқбат

«Мен альбомды тыңдағаннан кейін, мүлдем басқа адамға айналамын,  музыканың құдіреті шығар. Қазіргі уақыт адамдарға ашық айтатын сәт».

ELLE:  Қазіргі таңда, альбомның концепциясы, идеясы дайын ба? Қандай болады?

ZAQ: Әзірге тек демо нұсқалары бар, оны толықтыру үшін әлі біраз жұмыс істеу керек.Тректің жазылуын жіті қадағалап, барлығын өз қолымызға аламыз, себебі толыққанды авторлық туынды болады. Бұрын битмейкерлер дайын үзінділерді жіберетін, ал біз оларға өз идеяларымызды қосатынбыз. Ал, қазір аккордтарды өзіміз жазамыз, көңіл-күйімізді аспабтар арқылы жеткіземіз.
ALEM: Кезінде барлық әртістер солай жұмыс жасайтын. Мысалы, дыбыстарды пианиномен ойнап, оны музыканттарға беретін. Шынын айтсам, оның өз қызығы да бар. Ондай тәжірбие бізде бірнеше рет болған. Мәселен, «Men Emes» және «Oinamaqo» тректері.

ELLE: Соңғы жылдары түрлі жанрмен эксперимент жасадыңдар. Алғашында Q-pop ортақ бір мағына беретін – міндетті түрде қайырмада «дабстепный» дроп болатын. Қазір сендердің музыкаларыңнан испандық әуен, 80-шы жылдар әуенін немесе басқа да дыбыстарды естіп қалып жатамыз. Ал жаңа Ninety One қалай әндетпек?

ZAQ: Басында Q-pop қозғалысын бастаған сәтте, Ерболат аға бізге және командаға нақты ұстаным берді. K-pop сұранысқа ие болып, күллі әлемге өз ықпалын бере алды. Біз сондай толқынды ұстап қалу үшін, жанрды өзімізге енгізуге тырыстық. Уақыт өте келе, музыкаға шыңдап кірісе бастадық, қайырмасын мағыналы әрі тыңдарман қосыла шырқай алатындай етіп жаза бастадық. Себебі, біздің айтарымыз бар еді. 
ALEM: Ол уақытта «дроп» барлық әлемде сұраныста еді. Барлығын бастаған SKRILLEX. Бір кездері біз көпшілік Q-pop-ты ессіз дыбыстардан ғана тұрады деп ойлаған соң, одан түбегейлі бас тарттық. Содан соң ба, «Q-pop басындағыдай q-pop емес!» деп кетті.
Біз өзіміздің жан дүниемізге жақын нәрсені жасап, жанрдан шектелмеуді шештік. Шаблон болмас үшін барынша ерешеленуге тырысамыз.
ZAQ: Тәжірбие жасаймыз деп, ауыр музыкаға бет бұрып кеткен сәттер де болды. Мысалы, «SEÑORITA» трегінде мені жазық далаға апарды, ережеге бағынбай, барынша еркін болып кеттім. Мен жәй ғана, испанша қуып, ойыма келген дүниені айта бастадым. Жеке басым біздің өнерімізден мағынасыз біртүрлі сәттерді табуға тырысамын. Бір сарынды жұмыс істегенді ұнатпаймын, біздің әр туындыда белсенділік танытып, ешқайда жоғалып кетпегенімізді көрсеткім келетін. Жәй ғана альбомға қарағанда, ауқымдырақ дүние болса дейміз. Жан қалауы мен шындықты қалаймын. Себебі, мен орындаушыны тыңдаған сәтте, ол менімен әңгімелесіп отырғандай сезінемін. Мұндай әндер мені өзгертеді оған қоса өмірге деген көзқарасыма әсер етеді. Мен альбомды тыңдағаннан кейін, мүлдем басқа адамға айналамын, музыканың құдіреті шығар. Қазіргі уақыт адамдарға ашық айтатын сәт.
BALA: Say «No» to fast-food music!
ALEM: Дос-Мұқасанның туындылары сынды, біз де мәңгілік дүние жасағымыз келеді. Кейін бір 20-30 жылдан соң, әнімізді тыңдаған адам, «Қандай керемет, шынында да мықты болыпты ғой» деген сөздерді айтса деймін.

Ninety One

«Біз айналамыздағы танымал музыкаға қарап, қызығы неде екенін түсіне алмадық. Құдды бір калькулятормен жасалған сияқты. Адамдар басын қатырғысы келмейді. Ол бізге ұнамады, соңында біз де шатаса бастадық».

ZAQ: 2019-шы жылы «Men emes» трегі жарыққа шыққаннан кейін, біз біржарқ еттік, хитмен атануды мақсат тұттық. «Попса жасау керек. Барынша оңай. Ақылсынбау керек» т.б. Сосын мен жынды сияқты «SEÑORITA» трегін жазып тастадым иә? (күледі) Біз айналамыздағы танымал музыкаға қарап, қызығы неде екенін түсіне алмадық. Құдды бір калькулятормен жасалған сияқты. Адамдар басын қатырғысы келмейді. Ол бізге ұнамады, соңында бізде шатаса бастадық. Содан екі жарым жылдай шатасып жүрдік. Оған қоса, саған трендтен қалмай нәтиже көрсетуіңді талап ететін лейбл болды дегендей. Қазір біз бұрыңғы Ninety One-ның рухын қайтарамыз. Бізде концепция бар…
ALEM: Оны ешкім шын мәнінде дұрыс қабылдамайды!
ZAQ: Бізде 2091 концепциясы бар – 2019-шы жылдың соңғы сандары яғни 91. Біздің теорияға сенсек, біз еларалық көшпенділерміз. Шынайы Ninety One баяғыда ұшып кеткен. Оларда «Dopamine. Part 1» альбомы 2018 жылы шықты. Барлығы күткен «Dopamine. Part 2» жігіттермен бірге ұшып кетті. Ал, «Men Emes» альбомымен 2091-де, қайтып оралады. Менің есімде біз барлық сұқбаттарда айтқандай, бұл жігіттер басқа. Бірақ біздің ешкім түсінбеді. Алдағы уақытта олар ұшып келеді, ол біз кері қайтамыз.
ALEM: Айтпақшы, ол жақта біз әлі бесеуміз. Жарайды, қалжыңдаймын. Осы сұраққа былай жауап берейін, біз алдағы уақытта қалай боларын білмейміз, біз жанрға бағынбаймыз.

https://www.youtube.com/watch?v=UsdhuIKmmDY

ELLE: Ерболат Беделхан мен JUZ Entertainment-тен кеткендеріңе екі айдан асты. Осы уақыт қалай өтті? Жеке жұмыс істеген қалай екен?

ZAQ: Дәл қазіргі сәтте жұмыс қызып жатыр. Осы уақыт аралығында барлық шаруаны қолға алдық, алда шығамашылыққа уақыт көбірек бөлу үшін,  процесстің барлығын бір қалыпқа келтірдік.

ELLE: Команда жайлы айтып берсеңдер. Міндеттерді қалай бөліп алдыңдар? Кім басқарады?

ZAQ: Қызығы да сол, бізде басшы жоқ. Тек біз төртеуміз бармыз және түрлі міндеттерді атқаратын адамдар бар. Егер иекемі бар, команда да жұмыс істей алатын адамдар болса – қош келдіңдер. Біз әрдайым ашықпыз. Бізде JUZ Entertainment лейблында болған сол баяғы команда, жігіттер бізбен бірге кетті.
ALEM: Ace осы уақыт аралығында документтермен жұмыс істеді.Ол біздің компанияның директоры, барлық құжаттарға қол қоятын құқығы барадам. Егер заң және қаржы мәселелері болса, барлығына Ace жауап береді.
BALA: Ninety One-ның жеті жылдық тарихында, соңғы сөзді продюсер шешетін.Әрқайсымыздың жан дүниемізде өз жарамыз болды, оны әркім әр қалай емдегісі келетін. Келісім-шартты бұзған сәттен кейін, соның бәрін қолға алып, бір-бірімізді тыңдап үйрендік, соңында әркімнің қалауын бір пазлға жинадық. Енді барлық шешімді бір ауыздан ақылдасып, бәріміз шешеміз.
ALEM: Мысалы, Zaq барлық концепцияны өзгертуге болатынын, кіммен және қалай жұмыс істеуге болатынын ойластырды. Бала жалпы қай бағытта қозғалуымыз керек екенін айтты. Одан көп идея естідім.
BALA: Егер Батырхан туралы айтатын болсақ, ол вижуалға байланысты барлығынан хабардар. Ол «QIYALMAN» клипіне режиссерге көмектескен болатын. Түсірілімге келгенде, біз оған сенім артып, қалай түіруге болатынын ақылдасамыз.
ACE: Ал, мен өз тарапымнан қаржы мәселесін есептеп, ол қолжетімді ме соны шешемін.

«Продюсерлік орталықтан кету, қорқынышыңмен күресудегі алғашқы қадамның бірі».

Ninety One

ELLE: Осы уақытты қалай бастан кешіріп жатсыңдар сол қызық? Қандай қорқыныштармен күресіп жатсыңдар?

ZAQ: Продюсерлік орталықтан кету, қорқынышыңмен күресудегі алғашқы қадамның бірі.Қанша дегенмен, барлық жағдай жасалған жерде шығармашылықпен айналыстық, өмірімізге жауапкершілік артпадық. Сондай жауапкершілік қорқытатын, себебі кез-келген уақытта өзіңнің барлық ауыртпашылығыңды өзгеге артып қоюға болатын. Мысалы, мына оқиғаны аласақ, Ninety One тағы да Қазақстанның тең жартысын шулатты делік. Халық митингке шығып, массалық хитке ұшырап, концерттер кейінге шегеріліп, бізді барлық баскесер мен бұзақылар іздеп жүр. Бірақ бұл жолы Ерболат аға жоқ. Сол кезде Ninety One өзі ғана болса не істер еді. Мен тіпті шынымды айтсам, қалай жауап берерімді де білмеймін. Қайда болары едік, қандай қыспаққа түсер едік. Сондай кездерде Ерболат ағаның тәжірбиесі қатты көмектесті. Себебі ол, 20 жылдан астам шоу-бизнесте жүріп, біраз нәрсені көрген. Бізді алда не күтіп тұрғанын білмейміз, мүмкін тағдыр түрлі жағдай дайындап қойған шығар. Мүмкін, ең үлкен қорқыныш жауапкершілікте шығар. Ал, қазір өз өмірің өз қолдыңда, оған қоса, жаңында саған сенім артатын тағы үш адам бар. Солай әркімде. Сондықтан, сенің жаңында жүретін үш адам, үш тағдыр және үш өмір саған ауыртпашылық түсірмесе екен деймін. Тек бір-бірімізге демеу болсақ жетілікті.

ELLE: Әңгіме барысында, қаржы мәселесін қозғадыңдар… ол қалай қалыптасты? Өздеріңнің жеке бюджеттерің бе?

ZAQ: Қазір компанияда айналым 7 млрд теңге, сол 7 млрд теңгенің 30 пайызын біз шығармашылық қазынамызға саламыз. Еңбекақы фонды бар, қалған пайыздары өзімізге тиесілі. Не себепті бізде әлі күнге дейін пәтер жоқ? Ол біздің тілектер картасында. (күледі)
ALEM: Ашығын айтқанда, біз кезінде JUZ-де қанша пайда таптық қазір де сондай қаражатқа ие болып жүрміз. Тек артылғанын қайта инвестициялауға жібереміз.

ELLE: Осы уақыт аралығында үлкен тәлімгерлік тәжірбие жинадыңдар. Жеке музыкалық лейбл ашуға қалай қарайсыңдар? Бәрін бір қалыпқа келтіріп алған соң, әрине.

BALA: Бізге жәй лейбл ашып алу керек, соның қарамағына Ninety One тобын тіркеп қоятын.
ZAQ: Әзірге атауын да ойластырмадық. Кемені қалай атасаң, солай батады. Ой…. (күледі)
ALEM: Ол дажоспарда бар. Халыққа таныстыратын қаншама талантты өнерпаздар бар. Әсіресе трегін жарыққа шығарып, оны жазатын студияларға мүмкіндіктері жоқ ауылды аймақтарда музыканттар жетерлік.

ELLE: Алдағы уақытта Қазақстан бойынша ауқымды тур өтететін естідім. Сол туралы айтып берсеңдер.

ZAQ: Бұл JUZ Entertainment-сіз алғашқы тур. Ол маусым айында басталады. Қазақстанның жеті қаласы мен Ташкентте концерт берсек деп жоспарлап отырмыз.
ALEM: Карантин кезіндегі екі жылдық шектеуден кейін, сыртқа шығып, айналада не болып жатқанын көрсек дейміз.
ZAQ: Онлайн-концертадамдардан қатты алшақтатады. Біз қатты сағындық. Алматы мен Нұр-Сұлтанда жеке концертімізді берген кезде, біз тіпті сонша адам жинаймыз деп ойлаған жоқпыз. Небәрі үш күнде солд-аут болды. Біраз уақыттан кейін алғаш сахнаға шыққан сәтте, керемет сезімге бөлендік! Денеміз тітіркеніп, уайым, жүрек қағысымыз дүрсілдеп тіпті алақанымыз терлеп кетті…. Бұл керемет сезім! Шынайым эмоциялар мен тыңдармандарды сағынып қалыппыз. Аватарка мен лүпілдер ондай эмоция сыйламайтыны сөзсіз.

«Арамызда қандай жағдай болмасын, жүрек түкпірінде Ерболат аға әрқашан бізді мақтан тұтады. Әрдайым оны айтпаса да біз білеміз».

https://www.youtube.com/watch?v=7uN90eSiJ4E

ELLE: Айта кетсек, біз сұқбатқа қолданған суреттер, турдың афишасын әрлей түскендей. Жасыратыны жоқ мұқабаға сай, өте сәнді көрінесіңдер. Сондай-ақ, қайтып оралған сәттегі промо-видеоларың туралы айтуға болады. Не себепті мұндай стиль? Себебі, бұл сендердің тәуелсіз әртіс ретінде қайта оралған сәттегі алғашқы визуалды таныстыруларың. Мұнымен нені көрсеткелерің келді?

ALEM: Алғашында мен қарапайым қазақтың жігіті сияқты киінетінмін. Өзімнің талғамымды өзгерту үшін, стильді шетелдік азаматтар мен сән үйлеріне инстаграмда жазылдым. Менің олардан көргенімнің барлығы маған, өзіндік ерекшелігі бар болып көрінді. Содан мен де солай киінгім келді. Жігіттерге ұсындым. Маған сән саласын бақылаған қызық, бір түйгенім, бұрын фото және видеода тұрысың әдемі болса жететін, ал қазір ерекшелену керек. Солай стильді әрі өзгеше көрінемін. Мына суреттерді Ерболат аға да көрді. Керемет шыққанын айтты. Меніңше ол кісі біздің осындай бір ерекше дүние жасайтынымызды күткен сияқты.
ZAQ: Ол ешқашан бізге олай айтқан жоқ.
BALA: Арамызда қандай жағдай болмасын, жүрек түкпірінде Ерболат аға әрқашан бізді мақтан тұтады. Әрдайым оны айтпаса да біз білеміз.Бізді жіберер кезде, Ninety One-ды өз күшімізбен жаңа деңгейге шығара алатынымызға сенді. Ол кісі қанша шығармашылық еркіндік бергенімен, нақыт қазір ғана мүмкіндік туды. Қазіргі таңда топтың тағдыры үшін маңызды кезең, соның өзі біз үшін ерекше сәт…
ALEM: Қысқасы, біз ашылып жатырмыз.

Ninety One

ELLE: Болып жатқан барлық жағдайға байланысты, азаматтық тақырыбында сөйлескім келіп отыр. Сендер жиі болмаса да, әлеументтік және саяси тақырыптарын тректеріңде қозғайсыңдар (жасырын болса да). Қаңтардағы оқиға жайлы сөз қозғайтын жоспар бар ма? Тағы бір қызығы сол уақыт аралығын қалай бастан кештіңдер?

ACE: Біз Батыр екеуміз митингке шыққымыз келген, бірақ терезеден жарылыстың дыбысын естігенде ойланып қалдық.Құдды бір «Тақтар ойыны» болып кеткендей, жұмбақ дүниелер көбейіп кетті. Шыны керек, халық ештеңе шеше алмады. Бұл шиеленіске ақымақтықпен араласып ұсталып қалғымыз келмеді. 
ZAQ: Алғашында, жәй бейбіт митинг болып көрінді. Жеке басым өзім үйде ауырып жатқанмын. Соңында барлығы вакханалияға өрбіп кетті. Саясат туралы ашығын айтқанда, өз пікірімізді білдіріп, барынша араласпауға тырысамыз.Осы уақытқа дейін бұл тақырыпқа тікелей араласқан емеспіз, тек өз ойымызды әнмен суреттедік.Себебі, саясат барлығымызға қатысты.  Қазірге таңда медиадағы танымалдылығыңды пайданалып, нақты бірнәрсе айтудан қорқамыз, өйткені өзімізі бұл мәселені толығымен түсінбейміз. Бұл сөзді айтудан жасқанбаймын, бірақ бізде саяси сауатсыз қарапайым халықтың қатарындамыз. Біз ситуацияны объективті түрде бағалай алмаймыз. Мен тек өз өміріңді түрлі біліммен байытуға ғана кеңес бере аламын.
ALEM: Қазіргі таңда не болып жатқанын ешкім түсінбейді.
ZAQ: Әр түрлі теориялар, пікірлер өте көп. Оның қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін де білмеймін. Бар шындық ешқандай қатысты жоқ адамдардың қайтыс болғаны қынжылтады.
BALA: Егер әлеуметтік желіде бұл жағдай туралы пікірін білдірмеген танымал адамдар жайлы айтатын болсақ,әркім өз көзқарасын дұрыс қалыптастыра білуі қажет. Кез-келген  инфлюенсер басқаша айтса, оның артынан еріп кетпеу керек. Менің ойымша, әркімнің ақ пен қараны ажырата алатын ойы болғаны дұрыс.
ZAQ: Біздің жағдайға ұқсас қой. Біз өз өмірімізге жауапкершілік алудан қорықтық, бірақ басымызға келді. Әр адам мәселемен бетпе-бет кездесіп, жауапкершілікті өз қолына алуы керек. Оны өнер адамдарына жаба салудың қажеті жоқ.

ELLE: Ал, Нұрлан Сабуровпен орын алған жағдайға байланысты не ойлайсыңдар? Аудитория Нұрланның Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс жайлы көзқарасын білгісі келгеннен басталды ғой.  Нәтижесінде мәдени шаралардың бәрі кейінге шегерілді.

ZAQ: Меніңше, бұл дұрыс емес.
ALEM: Сол баяғы, бірнеше адам Нұрлан Сабуров жаман деп айтып еді, көпшілік сол пірікге қосыла кетті. Ол да өзінің мәселелерімен , өз қорқынышымен өмір сүретін қарапайым адам ғой. Мүмкін ол бұл тақырып жайында қандай пікір білдіретінін білмеген шығар. Себебі бұл үлкен жауапкершілік. Әрине, оның мұндай жағдайға ұшырағаны өкінішті.
ALEM: Оны айыптауға болмайды. Қанша дегенмен ол оның таңдауы.
BALA: Мүмкін, Нұрланның концертінде айқайлаған адамдарда басқа шара қалмаған шығар. Өткен іс қоғамға әсер етпей қоймайды. Одан да былай ойлаған оңайырақ: «Менде бір сұрақ бар, мысалы сен, сен және сен, маған мені мазалаған сұрақтарға жауап беріңдерші». Бұл барлық әлемде бар.
ACE: Бір ғана мәселе, соңында сәтсіз әзілдеді.

ELLE: Барлығымызға пандемия, қаңтардағы оқиға және халықаралық қақтығыстар әсер етпей қоймады. Әркім өзіне адами тұрғыда да болсын керек дүниені алды. Дәл қазір сендер үшін ең маңызды не, қалай ойлайсыңдар?

ACE: Бейбіт өмір. Болып жатқан барлық жағдайға байланысты, адамдар бұрыңғы тыныш өмірлерін қадірлей бастады. Өз өмірлері мен болашақ үшін қорқынышсыз жүрген сәттерін.
ZAQ: Сәт. Өткенге өкінбей, болашақты ойламай, қазіргі сәтте бағалауды.  Барынша тырысып бағуды қадірлей бастады. Сен сол сәтте ғана бақытты өімр сүресің.
ALEM: Жеке тұлға маңызды. Өзін қалайтын дүниені түсінуді үйрену.
BALA: Ал, мен бүгін маскасыз жүрудің қадірін түсініп, бір-бірімізге жақындай алатынымзды ойлап, қатты қуандым.
ALEM: Міне! Халықтың бірігуі маңызды.
ACE: Иә! Мен жұрттың біріге бастағанын байқадым. Тіпті жат адамның өзі жақын жақының сияқты. Себебі, біз бір аспан астында тұратымызды түсіндік. Егер бір адамға қиын болса, барлығына да қиын. Сондықтан, бірлік, бірлік, бірлік тағы да бірлік.


Сұқбаттасқан: Виолетта Тельманова
Аударған: Гүлдана Мұқан
Talent Agency: @insdr.talents
Photography:
@az.kenzhegulov
Style:
@bibottq @zhanaidar_
Hair Color:
@zhadra_abdulzhapparova
Hair:
@sam.sarieva
Makeup:
@park.az
Style assistant:
@theanettt

Поделиться: