
Instagram: @neslihanatagul
«Kara Sevda» түрік телехикаясындағы рөлімен танымал актриса Неслихан Атагүл тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді. Ол алғаш рет ана атанды.
Журналист Бирсен Алтунташ өзінің блогында қуанышты жаңалықпен бөлісті.
Дереккөздің хабарлауынша, әйгілі танымал жұптың сәбиі алтыншы наурызда дүниеге келген. Сондай-ақ, Алтунташ 32 жастағы жұлдыздың жағдайы туралы:
«Жаңа туған сәби мен ана өздерін керемет сезінеді»,
деп түсіндірді.
2024 жылдың шілдесінде Атагүл өзінің жүктілігі туралы айтып, сурет жариялады. Бұл актриса мен оның күйеуі Кадир Догулу үшін көптен күткен бала болды.
Неслихан Атагүл жүктілік кезіндегі фотоларға былай деп жазды:
«Мен бақыттымын! Және өте! Күйеуіммен, отбасыммен, асыға күтіп жүрген баламмен. Жақсы тілектеріңіз, дұғаларыңыз бен қолдауларыңыз үшін рахмет».
Еске сала кетейік, Неслихан Атагүл мен Кадир Догулу 2016 жылы шаңырақ көтерген. Той Ыстамбұлда өтті. Шілде айының соңында ерлі-зайыптылар ата-ана болуға дайындалып жатқандарын мәлімдеді.
Фото: Instagram
Дереккөз: PEOPLETALK