Назым Қызайбай Олимпиада
Фото: Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық Комитеті 

1/2 финалда Назым Қытай аруы Ю Вудан жеңіліп қалды.

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Назым 50 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетті.

Бұл жолы Назым қытайлық спортшы қазіргі әлем және Азия ойындарының чемпионы Ю Вумен жұдырықтасты. Ол бірінші раундты 4-1 есебімен ұтты. Сондай-ақ, қытайлық боксшы екінші кезеңде де басым түсті — 4:1. Соңғы раундта да Назымның қарсыласы күштірек болды — 4:1, солайша жекпе-жекте жеңіске жетті.

Осылайша, Қызайбай Олимпиаданы қола жүлдемен аяқтады. Жартылай финалдан кейін спортшы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Шүкір етемін не болса да, бірақ алтын алып, бокстан әйелдер арасында қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпион болғым келген. Абиба екеуміз олимпиадаға келгенде «бізге чемпион болу нәсіп етсін» деп айтқан едік. Мен жартылай финалға шығып қола медаль алған соң көп адам «алтын жүлде күтеміз» деп жазып кетті. Сол да ауыр келді ме, білмеймін… Содан қатты жеңгім келіп, жекпе-жек ойдағыдай болмай қалды. Париждегі бұған дейінгі кездесулерде мұндай қысым болмаған еді»,

деді боксшы.

Назым Қызайбайдың қола медалі Қазақстан құрамасының қоржынындағы бесінші медаль болды. Жарыстың оныншы күнінің қорытындысы бойынша біздің еліміз медальдық есепте 30-шы орында.


Фото: Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық Комитеті 

Поделиться: