Нұрлан Сабуров

Белгілі стендапер Нұрлан Сабуров «Жаңа түңгі студия» шоуына келді. 

Шоудың жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевпен әңгімелесу барысында ТМД елдеріндегі қазақтардың имиджі туралы айтты.

«Көрші елдерде біздің әртістерімізді құрметтейді, атап айтқанда Imanbek, Скриптонит, мен білмейтін басқа да танымал әртістер бар. Кейбіреулер таңданып, «қазақтар не істеп жатыр» дейді. Мұндай үрдіс шынымен орын алып жатыр ма?»

деп сұрады жүргізуші.
https://www.youtube.com/embed/G_R_rEITGp8

«ТМД елінде қазақтардың алатын орны ерекше. Көбісі мен қазақ болып туғым келеді дейді. Әрқашан бір нәрсені жақсырақ істейтін қазақ бар. Бұл әзіл екені түсінікті, бірақ бұл жұмсақ күш. Бұл Қазақстанмен таныс емес адамдарға әсер ететіні анық. Және бұл өте керемет. Бұл тек бастамасы, мен сенімдімін. Бұл ұғым өнерде, музыкада, мәдениетте, спортта да болады. Бұл тек күшейе түсетініне сенімдімін»

деді стендапер Нұрлан Сабуров.

Фото: Екатерина Гербей

Поделиться: