«Моя Мишель» тобы мен Dose-тың «Пташка» атты жаңа бейнебаяны жарық көрді 

«Моя Мишель» тобы қазақстандық рэп орындаушы Doseпен бірлесіп жазылған «Пташка» әніне бейнебаян шығарды.

Композиция айырылысу туралы және қарым-қатынас арасында  болатын бітімге келе алмайтын және тепе-теңдікті таба алмайтын екі жаралы жүрек жайлы.

Жаңа клипте кейіпкерлер құпия мотельде кездеседі. Басты рөлдерде «Моя Мишель» тобының солисті Таня Ткачук және «Эпидемия», «Happy End» және «Молодежка» сериалдарымен танылған актер Никита Еленев. Бейнебаянда олар бірнеше рет қашуға тырысқанымен, күн сайын бір жерде бірге оянатын ғашықтардың рөлін сомдайды.

https://youtu.be/V885lju0bXk

Таня мен Никитаның оқиғасы  қарым-қатынасты үзуге тырысатын, бірақ бір-бірін жібере алмайтын, қандай жағдай болса да қайта қосылатын екі ғашықты сипаттайды. Клиптің режиссері Артем Кияшко болды.

«Моя Мишель» тобы мен Dose-тың «Пташка» атты жаңа бейнебаяны жарық көрді 

«Біз 20-ға жуық сценарийді оқыдық, бірақ ештеңе бізге ұнамады. Содан кейін ерлі-зайыптылар өздерінің сезімдерін кепілге алған тұйық шеңберде бейнеленген, қанша айырылысқысы келсе де, айырылыса алмайтын, қандай жағдай болса да бірге болатын екі ғашықтың оқиғасы бізге өте қызық болды»,

деді Таня.

Фото: Instagram/ @mymichelle.band

Поделиться: