Өзіңе қажетті модельді таңда!

Атласты мини-белдемше
Мини, миди немесе макси: мінсіз атлас белдемшені қалай таңдауға болады

Мини нәзік аутфиттерді ұнататындар үшін қолайлы. Мұндай модельдер пиджактармен, жемпірлермен тамаша үйлеседі. Мини-белдемше қай киіммен болсын ұтымды көрінеді. 

Атласты миди-белдемше
Мини, миди немесе макси: мінсіз атлас белдемшені қалай таңдауға болады

Мұндай модель база болып саналады. Егер біз әрдайым кеңсеге мини-белдемшені кие алмасақ, онда орташа ұзындықтағы белдемше өте қолайлы шешім. Сондықтан, ол жайлылықты жақсы көретін және ұзақ уақыт бойы стильдеу туралы ойлағысы келмейтін адамдар үшін керемет нұсқа. Сондай-ақ, атласты миди кез-келген аяқ киіммен тамаша үйлеседі: кроссовкалардан бастап етікке дейін.

Атласты макси-белдемше
Мини, миди немесе макси: мінсіз атлас белдемшені қалай таңдауға болады

Атласты макси белдемше сенің трендтерге деген сүйіспеншілігіңді көрсетеді. Ұзын белдемшелер, де қысқа белдемшелер сияқты назар аударта алады. Осы ұзындықтағы белдемшемен кез-келген сипаттағы бейнелерді жасай аласың – үстіңе не киетініңе байланысты. Жемпір мен белбеу – серуендеуге, қысқартылған классикалық көйлек – кеңсеге, топ-бра – кездесуге арналған. Бірақ аяқ киіммен абай болу керек- жарқын аутфитті бұзбайтын дұрыс таңдау маңызды.


Фото: Instagram/ @orseund_iris/ @camilacoelho/ @enna.h/

Поделиться: