Микроинелі косметика

Pexels: Ron Lach

Көптеген қыздар үнемі дүкен сөрелерінен теріні қысқа мерзімде сауықтыратын және жасартатын тамаша сұлулық өнімдерін табуға тырысады. Мұндай түрлері расымен бар екені белгілі болды, біз микроинелі косметика туралы айтып отырмыз.

Микроинелер дегеніміз не

Косметологиядағы заманауи трендтердің бірі – микроинелер.

«Бұл терінің жоғарғы қабатына еніп, косметикалық өнімнің белсенді ингредиенттерін теріге тереңірек жеткізуге көмектесетін, сонымен қатар терінің регенерация процестерін ынталандыратын микроарналар жасайтын кішкентай инелер»,

деп түсіндіреді косметолог.

Микро инелері бар сұлулық өнімдерінің, әдеттегі кремдерден айырмашылығы, терінің ішкі қабатына еніп, жақсы әсер ете алады. Еритін және ерімейтін микроинелер бар. Біріншілері гиалурон қышқылынан жасалған және ерігеннен кейін теріде белсенді заттар қалдырады. Екіншісі – полимерлі, олар эпидермистің бетінде қалады.

Микроинелері бар өнімдердің қандай пайдасы бар

Pexels: Antoni Shkraba

«Микроинелі өнімдер белсенді ингредиенттердің енуін жақсартады, коллаген мен эластин өндірісін ынталандырады, әжімдерді тегістейді, пигментацияны азайтады және тері құрылымын айтарлықтай жақсартады, әсері классикалық инесіз өнімдерден асып түседі»,

дейді Кристина Кожина.

Бұл жағдайда белсенді элементтер теріде әлдеқайда ұзақ қалады. Сондықтан микроинелер мен гиалурон қышқылы бар косметика эпидермиске ену тереңдігіне байланысты ұзақ уақыт ылғалды қамтамасыз етеді.

Микроинелі косметиканы қалай таңдауға болады

  • Гиалурон қышқылы бар микроинелі косметиканы таңдаған дұрыс: олар ериді және қауіпсіз болады.
  • Аталмыш косметика түрінде микроэлементтердің барына назар аудар. Пептидтер мен дәрумендер әжімдерді тегістеуге және терінің коллаген қабатын нығайтуға көмектеседі.
  • Өнімді қолданар алдында оның теріңнің қажеттіліктеріне сәйкес келетініне көз жеткіз: бұл бет әжімдерімен күресу немесе ылғалдандыру немесе қартаюға қарсы әрекет болуы мүмкін.  

Фото: Pexels
Дереккөз: Grazia

Поделиться: