Баян Алагөзова

Instagram: @bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер Баян Алагөзова қазақ дәстүріндегі сәлем салу салтын сынға алды.

Баян Мақсатқызы қазақ қыздарының сәлем салып, ел алдында иілгенін мүлде түсінбейтінін айтты. 

«Алматыға келгенімде шымкенттік қыздардың үнемі иіліп, сәлем салғаны мен үшін өте жабайы көрінді. Не үшін иілесің десем, бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек дейді. Сыйластықтың белгісі деді. Кешіріңіздер, мен әкемді құрметтеймін. Атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ иіліп, сәлем салу деген менде атымен жоқ. Маған оны үйретпеген. Енді үйретпейді. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген»,

деп бастады әңгімесін продюсер. 

Сондай-ақ, Кеңес заманында ержүрек батыр қыздар тек Орал мен Ақтөбеден шыққанын айтып өтті. 

«Әжем «біздің әпкелеріміз ат үстінде жүрген» деп өсірді. Расымен, соғыс кезінде ерлік көрсеткен батыр қыздарымыздың барлығы Орал мен Ақтөбеден шыққан. Осы күнге дейін Шымкент пен Тараздан батыр қыздың шыққанын естідіңіз бе?! Демек батыстың қыздары еркіндікті жақсы көреді. Дәл осы жақта туып-өскеніме қатты қуанамын»,

деді продюсер.

Фото: Instagram

Дереккөз: «ORDA News» YouTube арнасы

Поделиться: