«Мен өте ұялшақпын»: Жәния Джуринская өзі туралы қызықты фактілермен бөлісті

Қазақстандық актриса Жәния Джуринская өзінің көпшілік білмейтін қырлары жайлы айтты.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 02 октября 2025, 11:26
Жәния Джуринская
Instagram: @djurinskaya

Жәния жарқын келбетке ие, ел алдында жүрген тұлға болғанымен, ол жеке қалғанды жақсы көреді екен.

«Мен адам көп жерлерді ұнатпаймын, әрқашан оңаша қалғанды таңдап, жақындарыммен ғана болғанды жақсы көремін. Өте ұялшақпын, бірақ ішімде бір басқа қырым бар секілді. Сол қырым маған оны жасыруға көмектеседі әрі түсірілім кезінде де қолдау береді», –

деп мойындады актриса.

Ол сонымен қатар байлыққа ешқашан ұмтылмағанын айтты.

«Мен ешқашан көп ақшаның не үшін қажет екенін түсінген емеспін. Қазір, иә, талғам мен қажеттіліктерім артты, бірақ сонда да миллиардер болуға мүлде ұмтылмаймын (әлде бір күні ойым өзгерер)»,

– деп жазды ол.

Жәния музыкалық талғамы жайлы да сөз етті.

«Менің плейлистім өте жайлы әндер мен операдан тұрады»,

– деді ол.


Актриса оқырмандарына бұрын айтылмаған қырларын ашып, өзге қырынан көрінді. Ол тіпті қай жағдайларда өзін жайсыз сезінетінін де жасырмады. Мәселен, егер бір күнін тек сериал көруге арнаса, өмірін босқа өткізіп алғандай әсерде болатынын айтты.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше