
Instagram: @mayabekbayeva
Қазақстандық тележүргізуші Майя Бекбаева күйеуі екеуінің отбасылық дәстүрі туралы айтты – ерлі-зайыптылар анда-санда романтикалық кездесулер ұйымдастырып, билеуге барып тұрады екен.
Тележүргізуші күйеуі екеуі билеген видео жүктеп, оқырмандарына жылы әсер сыйлады.
«Кейде біз кездесулер ұйымдастырамыз, мейрамханада отырамыз, содан кейін билеуге барамыз. Менің ойымша, көп жылдар бойы бірге болсаңыздар да, мұны істеу керек»,
деді Майя Бекбаева.
Желі қолданушылары бұл ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын одан да күшті ету үшін өте дұрыс шешім екенін атап өтті.
«Сұлу әйел! Ер адамыңыз сізбен мақтанатын шығар», «Супер жұпсыздар! Сіздерге қарағанның өзі жағымды», «Өте дұрыс! Біз әрқашан қарым-қатынаста романтиканы сақтауымыз керек, мен 45 жастамын, біз де күйеуіміз екеуміз бірге шығамыз – киноға, кофеханаға», – деп жазды Бекбаеваның оқырмандары.
Фото: Instagram