Мақпал Исабекова Түңгі студия

Отандық әнші Мақпал Исабекова «Түңгі студия» бағдарламасының қонағы болып, Нұрлан Қоянбаевтың сұрақтарына жауап берді. Мақпал ұлын дүниеге әкелгеннен кейін немен айналысып жүргенін айтты.

Әнші кішкентайымен өткізген әр күнінен ләззәт алатынын және күтуші жалдағысы келмейтінін айтты. 

«Мен қазір үйде отырмын, баламды өзіи қараймын. Менде бала күтуші жоқ. Таңертеңнен кешке дейін мен баламен айналысамын. Мен күтуші қызметіне жүгінетін әйелдерді сынамаймын. Бірақ бұл менің шешімім.

Менің ойымша, балаға кем дегенде бір жасқа дейін тек анасы керек. Мен бұл баланы ұзақ күттім, шамамен 20 жыл. Сондықтан, босана салып, оны күтушіге қалдырып кете алмаймын. Бұл дұрыс болмайды. 

Мен оның қалай өсіп жатқанын, күн сайын қалай өзгеретінін өзім көргім келеді. Менің алдымда жұмысқа шығуым керек деген шарт жоқ. Құдайға шүкір, менің күйеуім бар. Мен күйеуімнің толық асырауындамын. Мен жұмысқа асықпаймын, бізде ақша жеткілікті»,

деді әнші.

Сонымен қатар, әнші баласының суретін салғысы келмейтінін айтты. Өзінің жеке өмірін тіл-көзден сақтағысы келеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал осы жылдың жаз айында алғаш рет ана атанған болатын. 


Фото: Instagram @makosyai

Поделиться: