Мақпал Исабекова перзентханадан шықты
Instagram: vlasova_anasteisha

Екінші рет ана атанған Мақпал Исабекова перзентханадан шықты. Әншіні жақындары мен өнердегі достары ерекше күтіп алды.

Мақпал Исабекова қуанышты жаңалықпен Instagram парақшасында бөлісті. Шоу-бизнес жұлдызын туыстары мен өнердегі бірқатар әріптесі құттықтап келді. Олардың арасында Луина, Диас Аблаев, Гүлназ Жоланова және т.б бар. Екінші перзентін дүниеге әкелген әнші жолдасы мен ұлымен ерекше қауышты. Мақпал бірден оларды құшақтап, сағынышын басты.

«Өзімді аса бақытты сезінудемін»,

деп жазды әнші.

Фото: Instagram

Поделиться: