Мақпал Исабекова неге күйеуін көрсетпейтінін айтты
Instagram: makosyai

Декреттік демалыстағы қазақстандық әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Барлығы дерлік одан жеке өмірі туралы сұрады.

Мақпалдан неге күйеуін көрсетпейтінін сұрады. 

«Ол қарсы ма? Немесе ол сіздің күйеуіңіз емес пе?»

деген сұрақ туындады. 

Әнші өзі туралы естіген барлық қауесеттерді айтып, жауап беруді шешті. 

«Ол менің күйеуім емес, ол үйленген. Ол қорқынышты, ол кәрі. Ол қарақшы, ол бұзақы. Мен оның тоқалымын. Көптеген нұсқалар бар. Қайсысы ұнайтынын таңдаңыздар. Маған бәрібір»,

деді ол.

Оқырмандар әдепсіз сұрақтар қоюды жалғастырды. 

«Сіздің балаларыңыз әртүрлі күйеулерден бе?»

деп сұрады желіде. 

«Осындай өсектер қайдан пайда  болады деймін да?! Ой, Алла»,

деп ашуланды әнші. 

Фото: Instagram

Поделиться: