Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова жұртшылыққа алғаш рет жұбайын көрсетті. Жанкүйерлер жарының ұлты туралы сұрақтар көп қойды.
Мақпал Исабекова мен оның жұбайы екі сәби тәрбиелеп отыр. Алайда, осы уақытқа дейін әнші күйеуінің жүзін көрсетпеді.
«Беташар» жанкүйерлер үшін күтпеген жерден болды.
«Теодор мен Илайдың әкесі Родион Викторовичпен таныс болыңыздар», — деп жазды әнші өзінің блогында күйеуімен бірге түскен суреттерді жүктеп.
Бұған дейін Мақпал әлеуметтік желілерде күйеуін неге көрсетпейтінін түсіндірген. «Менің жақсыларым, сүйіктімді бір нәрседен қорқатындығым үшін емес, ол мен жұмыс істейтін саладан өте алыс болғандықтан көрсетпеймін. Және бұл оның қалауы, мен оны құрметтеймін және түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын», – деді ол.
«Тео әкесінің көшірмесі», «Бүкіл Қазақстан бұл суреттерді күткен шығар», «О, бүгін беташар болды», «Күйеуіңіз екеуіңіз ұқсайсыздар. Теодор әкесі сияқты!», «Өте әдемі жұп», «Неге мұндай әдемі адамды жасырды?» – деп жазды желіде әншінің оқырмандары.
Фото: Instagram