Мұрат Мұтырғанов қызының есімін қалай қойғанын айтты

Қазақстандық әртіс Мұрат Мұтырғанов алғаш рет жаңа туған қызымен суретке түсіп, сәбиді қалай атағанын айтты. Қызға өте ерекше есім берілді. 

Бірнеше күн бұрын Мұрат екінші рет әке атанғаны жайлы қуанышты хабармен бөліскен болатын. Цирк әртісінің отбасында көптен күткен қыз дүниеге келді. Бақытты әке перзентханадан әйелі мен қызын алып келді. Ол Instagram парақшасында отбасылық жылы суретпен бөлісті. 

«Біздің көңілді отбасымызға қош келдің, қызым. Біз сені жақсы көреміз. Біздің қызымыздың есімі А’Лаэль»

деп жазды отағасы. 

Фото: Instagram/ @muturganov_murat

Поделиться: