Мәди Рымбаев
Instagram: madirymbaev

Қазақстандық әнші-композитор Мәди Рымбаев магистр дәрежесін алды — диплом тапсыру рәсіміне Роза Рымбаеваның ұлы жаңа шаш түсімен келді.

Дипломды тапсыру рәсіміне Мәдиді қолдауға оның ағасы Әли Оқапов жұбайы Ақерке Бүркітбаймен бірге келді. Олар Мәдиді құттықтап, бірнеше Instagram stories жариялады. Алайда, Рымбаевтың осы күнге арнайы қызыл дипломға сәйкес шаш түсін түбегейлі өзгерткені нағыз тосынсый болды.

Instagram Stories: aliokapov

«Бүгін Мәди магистр дипломын алады, магистратураны бітірді. Ал, құтты болсын! Мұна шашпен нағыз магистрант», — деді Оқапов Мәдиге. Ол, сондай-ақ, дипломды қолында ұстаған інісімен бірлескен фотосурет жариялады.


Фото: Instagram

Поделиться: