Ақерке Бүркітбай

Ақерке Бүркітбай пәтерді жалға беруші қазақстандықтарға өз наразылығын білдірді.

Оның айтуынша, көрші елде болып жатқан жағдайға байланысты тұрғын үй бағасын күрт қымбаттату әділетсіз. 

Өзінің Иснаграм парақшасында Ақерке осы тақырыпқа байланысты видео жүктеді: 

«Мен stories- қа өтінішпен шығып тұрмын. Неше күн бойы жақындарымыздың, таныстарымыздың, көптеген адамдардың пәтер ақысын бірнеше есе қымбаттатуға байланысты далада қалуға мәжбүр болып жатқанына куәгер болып жүрміз. Көрші елде болып жатқан жағдайды пайдаланып, пәтер ақысын көтеру кем дегенде әділетсіз деп ойлаймын. Пәтер жалдайтын адамдардың ішінде, көпбалалы отбасылар, қарт кісілер де бар. Сол себепті, осындай қиын қыстау кезде керісінше бір-бірімізге көмектесейік».

Ол өзінің оқырмандарының ішінде пәтер жалға беретін адамдар бар деген үмітте және соларға өзінің өтінішін білдірді. 

«Бәрі өзіміздің қолымызда. Егер, бір адам осы жақсылықтың тізбегін бастаса, онда адамдарға қолдау көрсетіп, көмегіміз тиген болар еді. Бір-бірімізді қолдайық». 

деп өз өтінішін білдірді.

Фото: Instagram/ @akerkeburkitbay

Поделиться: