Әли Оқапов Ақерке Бүркітбай

Instagram: @akerkeburkitbay/@aliokapov

Әли Оқапов пен оның жұбайы Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде Алматыдағы серуеннен жылы суреттер жүктеді .

Әли мен Ақерке саябақта серуендеп, көктемгі күн мен бір-бірімен өткізген уақыттан ләззат алды.

«Бүгінгі күннен…»,

делінген суреттердің астындағы жазбада.

Серуен үшін әртістер кэжуал стиліндегі киімдерді таңдады – Әли ақ күртеше, ал Ақерке қысқа пәлте киген.

Қазақы нақыштағы бас киімі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Олар фотосуреттің астына өз пікірлерін қалдырып, ерлі-зайыптыларға бақыт тіледі.

«Көз тимесін, сіздер өте әдемісіздер», «Ақерке, сіз сияқты бас киімді қайдан сатып алуға болады?», «Үздік жұп», «Әдемі», – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Поделиться: