Киноға барасың ба? Осы күздегі қазақстандық кинопремьералар

Қазақстандық кино биыл күзде түрлі жанрдағы жаңа жобалармен толықты

от Арайлым Ақан
28 октября 2026
Осы күздегі қазақстандық кинопремьералар
Pexels: Tima Miroshnichenko

Қазір прокатта жүрген және жақын күндері үлкен экранға шығатын отандық фильмдерді жинадық.

«7 қарақшы» — 24 қыркүйек

1978 жыл. Дінмұхамед Қонаев жеті кәсіби қылмыскерді жинап, оларға Семей полигонындағы ядролық сынаққа қатысты құпия миссия тапсырады. Қуаныш Бейсек режиссерлік еткен фильм тарихи оқиғаны экшн және шытырман оқиғамен ұштастырады.

«1+3» — 8 қазан

Дархан Саркеновтің комедиясы. Омар есімді бизнесмен Ташкентке жол тартып, кездейсоқ үш жігітпен танысады. Бұл кездесу оның өмірін өзгертеді.

«Қызыл Раушан» — 8 қазан90-жылдардағы Қазақстанды арқау ететін драма. Оқиға Қарағанды облысындағы ауылдар мен шахта төңірегіндегі тартысқа негізделген.

«Мұғалім» — 8 қазан

Ұстаздың кәсіби жауапкершілігі, адам тағдыры мен қоғамдағы өзгерістер туралы отандық драма.

«Kesu» — 15 қазан

Ұстазы жоғалып кеткеннен кейін екі шәкірт оны іздеп Сеулге аттанады. Қазақстандық боевик пен детектив жанрларын біріктіретін фильм.

«Алан туралы аңыз» — 22 қазан

Қазақстандық анимациялық фильмнің басты кейіпкері — ақ барыс Алан. Ол достарымен бірге туған қаласын қауіптен қорғауға аттанады. Отбасымен көруге болатын жаңа отандық анимация.

«Шымыр» — 29 қазан

Еркебұлан Дайыров пен Ақбота-Нұр ойнайтын криминалдық боевик. Досының өлімінен кейін басты кейіпкер қауіпті оқиғаның ортасында қалады.


Фото: Pexels

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше