
Instagram: @archibaaalt
Блогер Артур Асқарұлы Айсәуле Бақытбектің «Syrlasu» жобасына қонаққа келіп, ашыла сұхбат берді.
Әңгіме барысында Артур балалық шағы жайлы айтып, әкесімен қарым қатынасын еске алды.
«Менде де әкеммен қарым-қатынасым күрделі болған. Бұл жайлы айтудың өзі маған қиынға соғатын. Бірақ, мен психологпен жұмыс істедім. Реніштерімді жібердім, сөйлестім. Ата-анам 18 жасымда екіге кетті. Ол кезде біз үш бала болатынбыз. Мен және екі бауырым. Әрқашан олардың ұрсысқандарын көретінмін, махаббат жоқ сияқты болатын. Олар айырылысып кеткенде менің әкеме деген ренішім өте қатты болды»,
деді Артур.
Блогер бір жыл мүлде әкесімен сөйлеспегенін айтты. Өзімен және ренішімен жұмыс істей келе ол жақынымен қарым-қатынасын жақсарта алды. Қаншалықты қиынға соқса да кездесіп, бірге контент түсіріп тұрады.
«Олар менің ата-анам. Қалай бар, солай жақсы көремін. Қаншалықты қиын болса да, олардан бас тартпаймын, өзгертуге тырыспаймын»,
деп түйіндеді ол.
Артур Айсәуле екеуінің оқиғасы ұқсас екенін айтты. Асқарұлы бұл тақырып жайлы сөйлегенде көзіне жас алмай қоймады.
«Шегі болған сәт. Ол кезде бізде кафе бар. Түнде маған даяшы хабарласып, бір еркек келіп, сіздің әкеңіз екенін және қонатын жері жоқ екенін айтты дейді. Мен не болып жатқанын түсінбедім. Ол длалада қалып қойған. Сол кезде түсіндім, оны тастай алмайтынымды»,
деді Артур өз эмоциасын жасырмай.
Фото: Instagram
Дереккөз: «Aissaule Bakytbek-Kaidarova» YouTube арнасы