Tingey Injury Law Firm
Unsplash: Tingey Injury Law Firm

Айжан Аймағанова өзінің Instagram парақшасында құқық саласындағы қызмет қиындықтарға үнемі дайын болуды, икемділік пен шыдамдылықты талап ететінін атап өтті.

«Көп қойылатын сұрақ оқырмандардан: әйел адамдардың осы салада істеу қиынға соқпай ма? Иә, әрине, қиын, бірақ шешілетін жағдай. Прокурор болу — ол жәй ғана қызмет ету емес — ол тәулік бойы байланыста болу, өміріңнің бөлшегін осы қызметке арнау, мінез (сабырлық, тыңдай білу, сезіну қабілеті), қандай да бір шешімге дайын болу»,

деп жазды Айжан Аймағанова.

Прокурор атап өткендей, әйелге қызмет пен отбасын қатар алып жүру қиын, бірақ мүмкін.

«Мен өз өміріме қарасам — жүгіру екен, жақсы көретін жұмысымнан жақсы көретін менің отбасыма. Әр түрлі жағдай болды: бірде жолың болады, бірде келеңсіз жағдайлар туып, сүрінесің, ең бастысы осының бәрін жеңіп шығу. Бәрі де орнына түседі, бәрі де ойдағыдай болады. Ең бастысы — шыдамдылық керек, әйелдің қолынан бәрі келеді деп ойлаймын»,

деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Фото: Unsplash

Поделиться: