27 жастағы Кайли TikTok желісіндегі блогердің сұрағына жауап бере отырып, пластикалық операция кезінде қандай имплант қолданылғанын және оның қалай орналастырылғанын алғаш рет ашық айтты. Жұлдыздың сөзінше, оған көлемі 445 текше сантиметр силикон импланттары орнатылған. Импланттардың профилі орташа болған.
Операция екі жазықтықты әдіспен жасалған. Бұл тәсілде импланттың бір бөлігі кеуде бұлшықетінің астына орналастырылады. Хирургиялық отаны Беверли-Хиллзде жұмыс істейтін танымал пластикалық хирург Гарт Фишер жасаған.
Кайли Дженнер бұған дейін омырауына пластикалық операцияны 19 жасында жасатқанын мойындаған еді. Алайда осы уақытқа дейін хирургиялық процедураның техникалық сипаттамаларын нақтыламаған болатын. Сондықтан оның жаңа мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары мен пластикалық хирургтардың назарын аударды.
Кайли Дженнердің жеке өміріне қатысты тағы бір мәлімдемесі де көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Модель әзірге тағы бала дүниеге әкелуді жоспарламайтынын айтты.
Бұл туралы ол әпкесі Хлои Кардашьянның The Girls реалити-шоуындағы эпизодтардың бірінде құрбысы Айрис Палмермен телефон арқылы сөйлескен кезде айтқан. Құрбысы суррогат ана көмегімен тағы бір балалы болғысы келетінін жеткізгенде, Дженнер қазіргі уақытта отбасын толықтыру туралы ойдың өзіне қиын екенін мойындаған.
Жұлдыздың айтуынша, дәл қазір тағы бір жүктілікті бастан өткеру туралы ойдың өзі оған «ақылға сыймайтындай» көрінеді. Сонымен қатар ол суррогат ана қызметіне жүгінуі екіталай екенін де атап өтті.
Фото: Instagram