Күзгі трендтегі 7 тырнақ үлгісі 

Күзде әрдайым қызыл маникюр жасауға ұмтыламыз.

Бірақ жаңа маусымда көптеген қызықты трендтер бар. Сондықтан, төменде біз осы күзге арналған маникюр түрлерімен бөлісеміз. 

Жылтыратылған
Күзгі трендтегі 7 тырнақ үлгісі 

Хейли Бибердің «жылтыратылған» тырнақтарға қызығушылығы кездейсоқ емес. Жылдың басында ол жылтыр, «шыны» теріге қол жеткізу үшін арнайы курс қабылдаған болатын. Содан кейін Met Gala-2022 фестивалінде сол маникюрмен келген болатын. Тырнақ мастері оған тырнағының үстінен жұқа қабатты қосуды ұсынды, нәтижесінде жылтыр, өте сәнді болып шықты. Тырнақ үлгісі бәріне ұнап, трендке айналып кеткен. 

Металл екпіні 
Күзгі трендтегі 7 тырнақ үлгісі 

Осы күзде хромдалған күміс маникюр әлі күнге дейін сәнде. Бірақ егер сіз толығымен «металл» тырнақтармен жүргіңіз келмесе, басқа да нұсқалар бар. Мысалы, Дуа Липа, Меган Фокс және Бейонсе жақсы көретін хромдалған француз маникюрін жасаңыз. Немесе тырнаққа кішкентай күміс 3D-элементтерін қоссаңыз да болады. 

Біркелкі сұр 

Сары немесе басқа түстерді ұмытыңыз. Осы күздің түс-амбассадоры сұр . Даладағы ауа-райына да өте жақсы үйлеседі. 

Біздің гардеробымыз жылы болған сайын, маникюр де жарқын, ашық түстен қою түстерге ауыса бастайды. Сұр түстердің палитрасы кең. Сондықтан, өзіңізге ұнайтынын таңдап алсаңыз болады. Егер сізге бірден бірнеше түс ұнап тұрса, араластырып ерекше нәтижеге жетуге де болады. 

Француз маникюрі
Күзгі трендтегі 7 тырнақ үлгісі 

Классикалық француз маникюрі қазір қызық емес. Қазіргі таңда француз маникюрінің түрлері көп: түрлі-түсті, микро-француз және тағы басқалары. 

Осы жылы ақ сызықтың орнына, қоңыр, қара, басқа да қою түстерді қолдану әлдеқайда сәнді болмақ. 

Оптикалық иллюзия 
Күзгі трендтегі 7 тырнақ үлгісі 

Маникюрдің бұл түрі жақында ғана пайда болды, бірақ TikTok желісіндегі  #opticalillusionnails хэштегі үш миллионнан астам қаралым жинаған. 

Оптикалық иллюзиясы бар тырнақтар-бұл жарық пен көлеңкеден құралған тырнақ үлгісі. Техника қараңғы көлеңкеден жарыққа дейін жұмсақ тік градиент жасау арқылы жүзеге асады. Ол алдымен тырнақтың ортасында жасалады, содан кейін тырнақтың ұшында кері бағытта салынады.

Хамелеон

Жасыл, көк және күлгін реңктердің шағылысуына байланысты хамелеон тырнақтарын асыл тастармен шатастыруға болады. 

Оларды жасау үшін шеберлер жарыққа байланысты көлеңкесін өзгертетін арнайы гель-лак қолданады. Тырнақтардың түсі әр түрлі жарықта өзгереді. Күндізгі жарықта олар қанық түсті болса, ал кешкі уақытта қараңғы, қою болып көрінеді. 

Аэрография
Күзгі трендтегі 7 тырнақ үлгісі 

Тек макияж суретшілері мен дизайнерлері ғана емес, сонымен қатар маникюр шеберлері де тоқсаныншы жылдардағы сән үлгілерін қолданады. Аэрография тырнақ өнері үшін техника ретінде сол жылдары пайда болды, енді қайтадан жаңғырып, трендке айналуда. 

«Ауамен сурет салу» әдісі түстер арасында жұмсақ ауысуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 


Фото: Instagram/ @beyondbeeauty/ @haileybieber/ @brushedbyb_/ @reallyhotgirl

Поделиться: