Күзге арналған 5 мінсіз былғары күрте
Фото: FRWD

Жайлы жемпірмен киюге арналған мінсіз былғары күртелерді ұмынамыз.

Былғары күрте әлі де маусымның ең танымал киімінің бірі болып табылады. Міне, осы күзде oversize силуэтінің байкер күртелері маусымның маңызды трендтерінің қатарына енді. Олардың үлкен артықшылығы — суық мезгілде жемпірлер, жайлы кардигандар, тоқылған поло, жылы көйлектер, көлемді сыртқы киімдердің астына еш қиындықсыз сыйады. 

Ең қолайлы нұсқа — былғары белбеуі бар және көптеген металл түймелері бар былғары күрте. Мұндай күрте тек жыртылған джинсы мен «мартинспен» ғана жақсы көрінеді деп ойлама. Ең қызықты нұсқа — күртені классикалық іскерлік гардеробпен араластыру. Мысалы, преппи стиліндегі тоқылған миди белдемшемен. Біз кез-келген талғамға арналған әмбебап былғары күртелерді жинадық, оларды отандық және шетелдік брендтерден табуға болады.

Күзге арналған 5 мінсіз былғары күрте
Фото: Net-a-Porter; Acne Studios, KZT 651 000

Фото:

Поделиться: