Юсупов пен Оксукпаева

Instagram: @oksukpaevak

Танымал қазақстандық блогерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаева үйде кіші ұлына  «тұсау кесу» рәсімін өткізді. Бейне жазба Instagram-да жарияланды.

Блогерлер ұлы Дамирдің бірінші туған күнін атап өтті. Сонымен қатар, тұсауын кесті. Бала ақ жолмен жүріп, дәстүр бойынша алдында тұрған заттардың біреуін таңдау керек болды. Дамир Абайдың кітабын қолына алды.

«Дусидің тұсауын менің үлкен ағам Алан кесті. Дуся кітапты таңдады, демек ол ақылды болады»,

деп жазды Арман.

«Тәтті тоқаш», «Блогерлердің ішіндегі ең жақсы отбасы! Жылы, сүйіспеншілікке толы, ақылды, шынайы! Шынайылық пен дұрыс үлгі үшін рахмет», — деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Поделиться: