TikTok әйелдер

Фото: Pexels

TikTok – әйелдердің дауысы айқын естілетін кеңістіктердің бірі. Әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған әйелдер өз оқиғаларымен, білімдерімен және шабытымен бөлісіп, өзгелерге жаңа нәрселерді үйренуге, әлемнің сұлулығы мен әртүрлілігін көруге көмектеседі.

Мысалы, #WomenOfTikTok хэштегі бойынша 2,6 миллионнан астам жарияланым бар. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 720 мыңнан астам бейнелері бар #8марта хэштегі және 273 мыңнан астам бейнесі бар #WomensDay танымал болды.

Қазақстанда да көптеген талантты әйел контент-авторлары бар. Олар пайдаланушыларға жаңа көкжиектер ашып, өз тәжірибелерімен және таланттарымен бөліседі. Мереке қарсаңында біз TikTok кеңістігінде танымал, айналамыздағы шындықты өзгертуге және шабыттандыруға қабілетті қазақстандық 8 әйелді назарларыңа ұсынамыз.

Ағартушылық миссия

Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық кентінің мұғалімі Ботагөз Омарова (@botagozomarova2) TikTok арқылы білім беруді қызықты әрі қолжетімді етті. Ол күрделі ережелерді қарапайым әрі түсінікті етіп жеткізеді. Ботагөз 2023 жылы #Қазақстанмұғалімдері байқауының жеңімпазы атанып, 2025 жылы Discover List тізіміне енді. Бұл тізімге TikTok қауымдастығына айтарлықтай әсер еткен әлемнің 50 үздік авторы кіреді. Ботагөздің TikTok парақшасы – білім берудің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсететін айқын мысал.

Мәдениет пен дәстүрді жаңғырту

Әсел Бекжан (@assolyaa) – дәстүрлі кілем тоқу өнерін заманауи шығармашылықпен ұштастыратын суретші. Ол Carpetart стилінде түркі халықтарының тарихи және заманауи тұлғаларын бейнелеп, оларды мәдени кодқа айналдырады. Оның «Ұлы дала патшайымдары» атты жобасы әйелдердің күш-қуатын, сұлулығы мен батылдығын дәріптейді. TikTok парақшасындағы видеолары өнерге деген сүйіспеншілікті оятып, ұлттық мәдениеттің жаңа деңгейде көрінуіне ықпал етеді.

Өзін-өзі көрсету тәсілі

Стилист Аида Неко (@aida_neko) сәнді қолжетімді етіп, стильді өзін-өзі танытудың құралы ретінде насихаттайды. Оның TikTok парақшасында трендтік шолулар, сәнді кеңестер және эксперименттер кездеседі. Аида киім арқылы өз ойын білдіруден қорықпауға, гардеробты тиімді пайдалануға және сәнді өмір салтына бейімдеуге үйретеді. Оның мазмұны шығармашылыққа толы және сәнге жаңаша көзқарас қалыптастырады.

Кітаптарға деген сүйіспеншілік

Айша Байділдаева (@aisha.bookpies) әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, мыңдаған адамды жаңа шығармалармен таныстырады. Ол қысқа әрі әсерлі видеолар арқылы оқырмандарды кітап әлеміне тартып, 2023 жылғы TikTok-тың #Китапток номинациясында жеңімпаз атанды. Айшаның мазмұны әдеби жаңалықтар, қызықты шолулар және оқуға деген ынтаны арттыратын түрлі форматтарды қамтиды.

Бұлттарды бағындыру

Бортсерік Кәмшат Үмбетжанова (@kami_stewardess) TikTok арқылы авиацияның сахна артындағы шынайы көрінісін көрсетеді. Ол жолаушыларға қызмет көрсетуден бастап, ұшу алдындағы дайындыққа дейінгі қызықты сәттермен бөліседі. Оның контенті бортсерік болуды армандайтындар үшін таптырмас ақпарат көзі.

Музыка терапиясы

Жанель Саламатова (@zhanelya.salamatova) TikTok-ты виртуалды музыкалық сахнаға айналдырды. Виолончелист ретінде ол әлемдік хиттер мен классикалық шығармаларды орындап, көрермендерге ерекше эмоция сыйлайды. Оның орындауындағы танымал әуендер TikTok қолданушыларына шабыт береді.

Watch on TikTok

Саяхат өмір салты ретінде

Жұлдыз Рахмет (@zhuldyz_rakhmet) саяхат контентін жасап, еліміздің көрікті жерлерін таныстырады. Ол танымал орындардан бөлек, көпшілік біле бермейтін ерекше мекендерді көрсетіп, ұлттық дәстүр мен мәдениетті дәріптейді. Жұлдыздың контенті – саяхаттың жай ғана қызық емес, танымдық мәні бар екенін дәлелдейді.

Watch on TikTok

Өткеннің құпияларын ашу

Археолог Шұғыла Меделбек (@r.m.shugga) ежелгі артефактілерді көрсетіп, тарихтың құпияларын ашатын TikTok контентін жасайды. Оның видеолары археологияға деген қызығушылықты арттырып, ғылыми жаңалықтарға деген ынтаны күшейтеді.


Фото: Pexels