«Ішімде не болып жатқанын бір Құдай ғана білді»: Мақпал Исабекова сырын ашты

Отандық әнші Мақпал Исабекова екінші жүктілігі кезінде түсірілген бейнежазбасын көрсетті. Өнер иесі ол кезеңдегі ішкі күйімен бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 17 декабря 2025, 13:15
Мақпал Исабекова
Instagram: @makosyai

Мақпал әлеуметтік желідегі «Саған қиын болған сәтті көрсет, бірақ оны ешкім білмейді» трендін қолдап, Instagram желісіндегі блогына бейнежазба жариялады.

Кадрларда әнші аяғы ауыр кезін көрсетті. Ол камераға қарап, шашын өріп отыр. Өнер иесі өміріндегі өте ауыр кезеңді бастан өткергенін жасырмады.

«Сол кезде менің нені бастан өткергенімді, ішімде қандай күй болғанын тек Құдай мен өзім ғана білемін, бәлкім, жүрегімнің астында жатқан қызым да сезген шығар… Аллаға шүкір, ол күндер де өтті»,

– деп жазды Мақпал.

Желі қолданушылары әншіні жылы лебіздерімен қолдады.

«Махаббатым, менің мықтым», «Тек әйел ғана ауыр кезеңді күшке айналдыра алады», «Құшақтаймын», «Барлығыңызға жақсылық тілеймін. Сіз өте талантты өнер иесісіз», «Мақпалдың даусына ғашықпын, кез келген жерде естісем бірден танып, тыңдап рахаттанып қаламын», «Жүкті әйел – әрі әлсіз, әрі ең күшті жан», – деп пікір қалдырды әншінің оқырмандары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше