Pexels: Kerde Severin
Instagram парақшаларда енді суреттер тік төртбұрышты пішінде көрінетін болады. Шаршыға үйреніп қалған қазақстандықтарға бұл ұнамайды ма екен?
Платформа басшысы Адам Моссери мұны контенттің көпшілігі тік форматта жүктелетіндіктен жасағандарын түсіндірді
Instagram парақша торының көрінісін өзгертті. Бұдан былай посттар бұрынғыдай емес, тіктөртбұрыш түрінде көрсетіледі, квадраттар енді жоқ.
Өзгерістер туралы кәсіпкер және Instagram басшысы Адам Моссери хабарлады.
«Мен кейбіреулер квадраттарды шынымен жақсы көретінін білемін. Ал, төртбұрышты фотосуреттер – бұл Instagram мұрасының бір түрі. Бірақ қазіргі уақытта жүктелетін фотосуреттердің де, бейне жазбалардың көпшілігі тік төртбұрыш форматында»,
деді Моссери.
Моссери мұндай өзгерісті желі қолданушылары бірден ұната қоймайтынын мойындайды.
«Менің ойымша, алдағы уақытта адамдар өздерінің фотосуреттері мен видеоларының көбісі парақшада кесілген емес, өздері ойластырылған түрде көрсетілетініне қуанады»,
деді Моссери.
Фото: Pexels
Дереккөз: Newtimes