Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы алтыны есепке алынбады

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның Аичи–Нагоя-2026 Азия ойындарындағы жеңісі ресми түрде жойылды.

от Арайлым Ақан
28 сентября 2026
Ясмина Азия
Instagram: @01asm1na

Спортшы марафондық спорттық жүрістен 42,195 шақырым қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып келген еді.

Алайда жарыстан кейін оның нәтижесіне қатысты наразылық түсті. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, протест спортшы жарыс кезінде пайдаланған аяқ киімнің World Athletics талаптарына сәйкестігіне байланысты болған. Кейін жарыстың ресми хаттамасында Тоқсанбаеваның нәтижесі дисквалификацияланған деп көрсетіліп, 3:22:20 нәтижесі есепке алынбады.

Нәтижесінде алтын медаль Қытай спортшысы Даньчжэнь Гоцзунға берілді. Күміс жүлдені оның отандасы Ма Ли, ал қола жүлдені Жапония өкілі Юкико Умэно иеленді.

Ясмина Тоқсанбаева әлеуметтік желідегі парақшасында болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, нәтижесінің жойылғанын хабарлады. Спортшы өзіне қолдау көрсеткен жаттықтырушысы мен жанкүйерлеріне алғысын білдірді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше