Хош иістің саған сәйкес келмейтінінің 4 белгісі
Unsplash: JC Media

Аллергия, ашуланшақтық және шаршау — бұл әтірді өзгертетін уақыт келді деген белгілер.

Жақсы хош иісті таңдау оңай шаруа емес. Ақыр соңында, теріге жағымды және өте ұзақ уақыт тұратын қолайлы хош иісті тапқымыз келеді. Жаңа иіс суды таңдағанда, сее маңызды ережені білуің керек — хош иістің беріктігі белсенді заттардың концентрациясына байланысты. Мысалы, хош иісті суда концентрация әтірге қарағанда әлдеқайда төмен.

Бірақ, кейде үлкен қиындық туындайды — мұқият таңдаған әтір саған мүлдем сәйкес келмейді. Оны қалай түсінуге болады? Мұны қандай белгілер көрсететінін көрейік. 

Сен өзіңнен хош иісті сезсең 

Егер хош иісті қолданған соң жарты сағаттан кейін сен әлі де иіс сезсең — бұл ең жақсы белгі емес. Бірнеше сағаттан кейін иіс сені қатты тітіркендіреді және шаршатады дегенді білдіреді. Әтірдің тұрақты иісінен бас қатты ауырып, жүрек айнуы пайда болуы мүмкін. Есіңде болсын, егер хош иіс саған сәйкес келсе, онда оның иісі біраз уақыттан кейін сезілмейді. Алайда, иісі басқаларға келуі мүмкін. 

Сен әтірдің иісінен түшкіресің

Сатып алынған хош иістің саған сәйкес келмейтіндігінің тағы бір жағымсыз белгісі — әтірді теріге қолданғаннан кейін сен түшкіре бастайсың. Мүмкін сен денені тітіркендіретін парфюмерияның қандай да бір компонентіне аллергияң бар шығар. Сондықтан өзіңді қинамағаның жөн және хош иісті саған сәйкес келетін нәрсеге ауыстырған дұрыс. 

Сондай-ақ, егер сен әтірді теріңе жаққанда ол қызарып немесе қыши бастаса, онда шұғыл түрде иіс суды өзгерт! Ешқандай хош иіс аллергиялық қышу тәжірибесіне лайық емес.

Хош иістен басың ауырады 

Дұрыс емес хош иістен бас ауыруы мүмкін. Себептер әртүрлі, мысалы, тым бай композиция немесе хош иіс компоненттеріне төзбеушілік. Мұндай қиындықтар көбінесе жазда, ыстық болған кезде және денеде өте жарқын және ауыр иіс болғанда байқалады. Сондықтан хош иісті жыл мезгіліне сай таңдау қажет және жазда жеңіл мист пен хош иісті спрейлерге артықшылық бер. Ал, қыста жүннен жасалған киімдерге әтір қолданба.

Терінің тітіркенуі 

Аллергия әртүрлі жолдармен көрінуі мүмкін. Иіс су жағылған жерде терінің тітіркенуі, қышуы және қызаруы — хош иіс саған мүлдем сәйкес келмейтіні туралы маңызды сигнал. Оны басқа композициямен ауыстырған дұрыс немесе теріні тітіркендірмейтін және жағымсыз сезімдер тудырмайтын аз қаныққан хош иістерді таңдаған дұрыс. Сондықтан, сатып алмас бұрын, әтірдің құрамын зертте: кенеттен аллергия тудыратын цитрус болуы мүмкін ғой.


Фото: Unsplash

Поделиться: