50 мың теңгеге бір бөтелке әтір сатып алғанда, ол мәңгілікке қызмет етуі керек деп ойлаймыз. Шындық мынада, барлық парфюмериялардың жарамдылық мерзімі бар, бірақ ол жиі көрсетілмейді.
«Хош иістерде көбінесе жарамдылық мерзім болмайды, бірақ әдетте табиғи хош иістердің жарамдылық мерзімі 1 жылдан кейін, ал синтетикалық хош иістердің мерзімі үш жылдан кейін аяқталады», – дейді парфюмер Новембер Николс POPSUGAR-ға берген сұхбатында. Мерзімі брендке, парфюмерия түріне және сақтау әдістеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Сенің әтірің бұзылып кеткенін қалай түсінуге болады:
- Түсі мен құрылымы. «Егер сұйықтық түсін өзгертсе және сатып алған кезден қарағанда күңгірт болып көрінсе, бұл бүлінген хош иістің сенімді белгісі», – дейді Николс. Оның айтуынша, қою құрылым да жарамдылық мерзімінің өтіп кеткенін білдіреді.
- Иісі. Егер сен хош иістің кішкентай өзгерістерін байқасаң, онда бұл әтірді қай жылы сатып алғаның туралы ойланатын кез келді.
- Терідегі қызыл дақтар. Көбінесе бүлінген хош иіс тітіркену мен аллергияны тудырады. Егер сен білегің мен мойныңа шашып, кейінірек теріңде қызыл дақтар пайда болса, әтірді қоқысқа жіберетін уақыт келді.
Хош иістердің жарамдылық мерзімін ұзарту үшін Николс оларды қараңғы, салқын жерде сақтауға және оны қаптамада ұстауға кеңес береді.
Фото: Pexels
Поделиться: