ханзада Гарри

Елизавета ІІ-нің қайтыс болғаны туралы хабарды немересі жолда болғанда естіген. 

Қазіргі таңда бүкіл әлем ең көрнекті саяси және мәдени тұлғалардың бірі — Патшайым Елизавета II-нің қайтыс болуына қайғыруда. Монархинидің денсаулығының нашарлауы туралы жаңалық барлық отбасы мүшелерін абдыратқаны анық. Балалар мен немерелері шұғыл түрде Шотландияға ұшып барған. Сол жерде патшайым демалып жатқан болатын. 

Ұлыбританияда болған Елизаветтаның төрт баласы мен немересі Уильям бір жеке ұшақпен Шотландияға ұшып барған. Ал ханзада Гарри Германиядағы барлық қайырымдылық жұмыстарынан бас тартып барамын дегенше үлгермей қалған. 

Ханзада Гарри әжесімен қоштасып үлгермеді 

Сүйікті әжесінің қайтыс болуы туралы жаңалықты ол ұшақта естіген. Әжесінің құрметіне ол тіпті қызының атын Лилибет деп қойған болатын. Бірқатар Британдық таблоидтар әуежайда көлікте қайғырып отырған ханзаданың суреттерін жариялауда. Осылайша Гарри әжесімен қоштасып үлгермеді. 


Фото: Shutterstock

Поделиться: