Гель-лакты ұзақ сақтауға

Маникюрдің өмірін қалай ұзартуға болатынын айтамыз.

Егер сенің тырнақтарың үнемі сынатын болса, табиғаттан тыс себептерді іздеудің қажеті жоқ. Оларды түзету қиын емес.

Міне, тырнақтарыңдағы лактың сынуын болдырмауға көмектесетін үш алтын ереже.

Тырнақтарыңды маникюрге дұрыс дайында

«Қандай лактарды қолдансаң да, маникюрдегі ең бастысы — тырнақтарды дұрыс дайындау»,

дейді маникюр шебері Хеми Парк.

Әрқашан тырнақтарыңның майсыздандырылғанына көз жеткіз және кір мен шаңның қалдықтарын тазала. Кейде маникюр жасаушылар бір нәрсені жіберіп алуы мүмкін, сондықтан мұқият бол. 

Кутикула майы туралы ұмытпа

Флоридадағы тырнақ шебері Анастасия Тотти тырнақтардың денсаулығы мен беріктігі кутикулалардың сапасына тікелей байланысты дейді және майды ешқашан ұмытпауға кеңес береді. Өнімге үнемдеме, ылғалдандыру үшін бай, сапалы құрамды майларды таңда.

Гель-лакты ұзақ сақтауға арналған 3 негізгі ережелер
Сапалы базаны таңда

Кейбір маникюр жасаушылар (және үйде тырнақ жасайтындар) көбінесе базаны, үстіңгі және гельдік лактарды үнемдейтінін білеміз. Бірақ косметикалық химик Джозеф Цинкотта сапасыз база лакты ұстамайды дейді. Сондықтан, егер сапалы маникюр қаласаң, ақша жұмсауға тура келеді.


Фото: Instagram/ @nailsbysuman/ @basecoatstories

Поделиться: