Артур Асқарұлының сүйіктісіне сырға салды

Instagram: @gulmira_dairabaeva

Archibaaalt деген атпен танымал қазақстандық блогер Артур Асқарұлының сүйіктісіне анасы сырға салды. Бейне жазба Instagram-да жарияланды

Артур мен Замира жақында «неке қию» рәсімін жасады. Күні кеше блогердің анасы, танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева қазақтың дәстүрі бойынша келінінің құлағына сырға салды.

«Шынымды айтсам, бұл аяқ асты болды, анам Алматыда бірнеше сағат өз рейсін күтті. Замираға арналған арнайы сырғалар қолында болған. Біз мұны талқылаған жоқпыз және жоспарламадық, бірақ бір қызығы, бәрі тыныш және қарапайым түрде жасағысы келді, шамасы, қатты қалағанымыз соншалық, түнгі сағат бірде үйде ұйықтауға арналған киіммен отырғанда ойымызды жүзеге асырдық»,

деді Артур.

Гүлмира Дайрабаева келініне сырға салып, басына орамал тағып, уайымдағанын мойындады.

«Бірінші рет жасап тұрмын, мұндайды жасамағанмын, енді бәрін бірге екеуміз үйренеміз, Құдай қаласа»,

деді ол келініне.

«Күшті ене», «Мінсіз, пафоссыз», «Ең керемет жұп», «Бақыт үнсіздікті жақсы көреді», «Егер маған сырға салу рәсімін жасайтын болса, онда дәл осындай форматты қалаймын, бұл өте сүйкімді», — деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Поделиться: