Фариза Тореәлі Кореяда жұбайы Дархан Нортаевпен бірге жүр. Олар «Ва-банк» сериалының түсірілім орнын көрсетті.
Фариза Чеджудо аралына арнайы келгенін айтты — блогердің айтуынша, бұл ол барған ең әдемі жерлердің бірі.
«Чеджу аралына Сеулдан ұшақпен 1 сағат, одан соң Seopjikoji жағажайына көлікпен жол 1,5 сағатты алады. Бірақ бұл жерді көруге тұрарлық екен, тек дорама түсірілгені ғана үшін емес, ерекше табиғат көрінісі үшін»,
деп жазды блогер.
Фариза мен Дархан дорамадағы үйдің фонында суретке түсіп, корей телесериалдарына деген махаббаты туралы айтты.
«Көбісінің Кореяға қызығушылығы осы атақты сериалдан бастау алған ғой, Ким Ина мен Мин Су Енды білмейтін адам жоқ шығар. Дархан екеуміз де дорамаларды сүйіп көреміз»,
деді Фариза.
Фото: Instagram
Поделиться: