Қазақстандық әнші және актриса Фариза Ескермес Instagram желісінде өзінің махаббатын қалай кездестіргені туралы бөлісті. Онымен тыныштық тауып, қарым-қатынаста үйлесімділікті сезінгенін атап өтті.
Фариза өзінің сүйіктісімен 2014 жылы танысқан. Сол күні ол жұмыстарымен жүріп, көшеде бір топ жігіттерді көзі шалған.
«Олардың бірі маған тез келіп, таныса бастады. Бұл Андрей болатын. Шынымды айтсам, бұл оқиға есімде жоқ. Мұның бәрін маған 2020 жылы Андрейдің өзі айтты, дәлелдер бар. Сол күні, 2014 жылы мен оған өз нөмірімді бердім, ол маған жаза бастады. Нәтижесінде мен оны бұғаттадым, мүмкін ол менің сол кезде мазамды алған болар, әлде маған ұнамай қалды.
Жақында мен барлық хат-хабарларды қайтадан оқыдым, Андрей маған сенімді сөздер жазды: «Фариза, сен мен сияқты жігіт таба алмайсың, бұл понт емес, бұл факт». Солай болды, мен ол сияқты таппадым»,
деп баяндады.
Осылайша, бірнеше жылдар өткен. Әншілік мансап, кино, сериалдарға түсіп жүріп басқа адамға тұрмысқа шығып кете жаздаған.
Алты жылдан кейін болған кездесу тағдырлы болды. Андрей оның өмірінде қайта пайда болды. Ол өзінің танысының досы болып шыққан.
Андрей өзіне деген сенімділікпен, мейірімділігімен Фаризаны баурап алған.
«Нәтижесінде, оған өзім жаздым: «Тауға барайық?». Ол бірден бейне қоңырау шалып, содан кейін арамыз алыстамады»,
деді Фариза.
Фото: Instagram/ @fariza_yeskermes