Фариза Ескермес Үндістандағы Ганг өзеніне түсті

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:28

Instagram: @fariza_yeskermes

Актриса Фариза Ескермес Instagram-да қасиетті деп саналатын Үндістандағы өзенге түскен бейнежазбамен бөлісті.

Дәстүрлі сариде жүрген жергілікті әйелдер мен іш киімдегі ер адамдардың жанында актриса ерекше көзге түсті.

«Маха Кумбха Мела. Бұл видеодан барлығы өз ішінде не бар соны көреді. Жанның тазалығын сақтаңыз. Менімен бәрі жақсы, бәрі керемет. Мен жүрегім айтқанның бәрін жасаймын. Үндістан – сиқырлы, мистикалық! Үндістанға жалғыз ұшып кету – ең жақсы шешім болды, бірақ сіздер олай жасамаңыздар»,

деп жазды Фариза желіде.

Видео жарияланғаннан кейін оқырмандардың ойы екіге бөлінді. Кейбіреулер актрисаның батылдығына таңданып, оның таңдауын қолдады, ал басқалары өз көздеріне сенбей, тіпті айыптады.

Кейбір адамдар Ганг – тек қасиетті өзен ғана емес, сонымен қатар өртенген мәйіттердің күлі тасталатын жер екенін еске салды. Осыған байланысты әлемдегі ең ластанған өзендердің бірі болып саналады.

«Ол жерде адам денелерін өртейді ғой. Қалай ондай суға түсуге болады??»,  

деп жазды әншінің оқырманы.

Жазылған негативтерге байланысты Фариза Ескермес пікірлерді  жауып тастады.

Айта кетейік, актриса атап өткен күн — Маха Кумбха Мела, индуизмдегі ең үлкен діни мерекелердің бірі. Шара кезінде қасиетті өзенге шомылу күнәларды тазартады және рухани азаттық әкеледі деп саналады.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше