Instagram: @fariza_yeskermes
Қазақстандық актриса Фариза Ескермес бал айын шетелде күйеуімен, достарымен және құрбыларымен бірге өткізіп жатыр.
Фариза күйеуі екеуі Балиге демалысқа аттанды. Бірақ, олар жалғыз емес.
«Біз бал айын достарымызбен және жақын менің құрбыларыммен өткізейін деп шештік. Жоспар келесідей: демалу, күнге қыздырыну, бір аптадан кейін ретриттер, йога және басқасы. Барлық нәрседе тепе-теңдік. Бір жаңа мақсат пайда болды. Мен Балиден үй алғым келеді. Бұл жерде арал сондай тыныш болды және шынымен сиқырлы, менің не туралы айтып тұрғанымды келгендер түсінеді»,
деп жазды актриса.
«Не дегенмен, Андрей ең әдемі қызды алды», «Жаңа жыл құтты болсын, қымбаттым! Сендерге жақсы демалыс тілеймін», «Қандай керемет», «Әдемі жұп», — деп жазды жанкүйерлер желіде.
Фото: Instagram