Етеккір кезінде мастурбация жасауға бола ма, ол денсаулыққа зиян ба және неге кейбір әйелдер оргазмнан кейін жеңілдік сезінетінін бірге қарастырайық.
Неге етеккір кезінде мастурбация жасағың келеді?
Етеккір кезінде жыныстық құмарлық сезіну — қалыпты құбылыс. Оның бәрі гормондарға байланысты. Циклдің алғашқы бөлігі — фолликулярлық фазада — эстрадиол гормонының деңгейі көтеріледі. Бұл процесс етеккірдің алғашқы күнінен басталып, овуляция кезінде шегіне жетеді.
Эстрадиолдың артуымен бірге жыныстық құмарлық та өседі. Ол ең жоғарғы деңгейіне циклдің ортасында жетеді, бірақ айқын түрінде етеккірдің соңғы күндерінде байқалуы мүмкін.
Етеккір кезінде мастурбация жасау қауіпсіз бе?
Бұл тек қауіпсіз ғана емес, тіпті пайдалы да болуы мүмкін. Біріншіден, оргазм көңіл-күйді жақсартады, өйткені бұл сәтте дофамин, окситоцин және серотонин сияқты «бақыт гормондары» бөлінеді. Екіншіден, жыныстық қанағаттану — мейлі ол серіктеспен болсын, мейлі мастурбация арқылы болсын — ұйқыға оң әсер етеді.
Кейбір деректер бойынша, мастурбация етеккір кезіндегі ауырсынуды азайтуы мүмкін. Мұнда бәрі бірдей емес: эндорфиндер табиғи ауырсынуды басатын әсер берсе, ал оргазм кезінде болатын жатыр мен қынап бұлшықеттерінің ырғақты жиырылуы кейде ауырсынуды жеңілдетіп, кейде керісінше күшейтуі мүмкін.
Етеккір кезінде қалай мастурбация жасауға болады?
«Дұрыс» не «бұрыс» тәсіл жоқ. Саған қуаныш сыйлайтын кез келген әдіс жарайды. Бірақ кейін бөлмеңді толық тазалауға тура келмес үшін бірнеше жайтқа мән берген жөн.
1. Гигиена талаптарын сақта. Бұл — ең негізгі және міндетті кеңес. Мастурбация алдында душ қабылдап, қолыңды жу. Егер секс-ойыншық қолдансаң, оны да сабынды сумен тазалаған дұрыс.
2. Ыңғайлы жағдай жаса. Бірінші нұсқа — душта мастурбация жасау. Бұл жағдайда қаннан оңай арыласың, ал душ басымен қосымша стимуляция жасап көруге болады. Ал егер бөлмеде қалсаң, астыңа сүлгі төсеген жөн. Осылайша төсек жапқышты қайта ауыстырудың қажеті болмайды.
3. Деліткіні стимуляциялауға мән бер. Зерттеулерге сүйенсек, әйелдердің көбі оргазмды деліткіні қоздыру арқылы алады. Етеккір кезінде қынапқа енуге қарағанда сыртқы стимуляция әлдеқайда ыңғайлы.
4. Секс-ойыншыққа мүшеқап кигіз. Егер қынап ішіне ену тәсілін қолдансаң, тіпті саусақтарыңа да мүшеқап киюге болады.
5. Ылғалды сүлгі дайындап қой. Олар қолды және ойыншықтарды жедел сүртуге ыңғайлы. Әрине, кейін бәрібір душқа кіріп, секс-ойыншықтарды сабындап жақсылап жуу керек. Бірақ тазалықты сақтау үшін алдымен сүлгі қолдану әлдеқайда жеңіл әрі жағымды.
Фото: Pexels
Дереккөз: Горящая изба