Етеккір

Гинекологиялық мазок – сексуалды тақырып емес.

Біз бұл жерде ұялатын ештеңе жоқ екеніне сенімді болсақ та, бұл жайлы сұрауға ұялатын адамдар да бар. Сондықтан, егер сіз етеккір кезінде мазок жасауға болатынын сұрауға ыңғайсыздансаңых, дәрігер Элунед Хьюздің жауабын оқыңыз. 

Бірақ алдымен, осы сөйлемнен кейін «бұл маған қызық емес, мазок алудың маған қажеті жоқ» деп ойлағандарға арналған ақпарат. Бұл анализді әр үш жыл сайын 25 жастан 64 жасқа дейін міндетті түрде тапсыру керек. Оның көмегімен жатырдың қандай күйде екенін тексеруге және ауыр аурулардың, соның ішінде қатерлі ісіктің алдын алуға болады.

«Мазокты барлық әйелдер тапсыру қажет, және оны циклдің кез келген уақытында жасауға болады. Оның ішінде етеккір кезінде де. Алайда, егер сізде қатты қан кетіп тұрса, бұл нәтижелердің анықтығына әсер етуі мүмкін», — дейді доктор Элунед Хьюз.

Сондықтан, сізде етеккір болмаған кезде тапсырғаныңыз абзал. Бірақ, егер басқаша болмаса, онда етеккір кезінде тапсыра беріңіз, бірақ барар алдында тампонды, тағы басқа гигиеналық заттарды алып тастаңыз. 

Бірақ егер сіз әдеттен тыс қан кетуді немесе әдеттегі емес белгілерді байқасаңыз, мазоктан бас тартып, алдымен дәрігермен кеңескен дұрыс. Бұл басқа анализдерді қажет ететін аурулардың белгілері болуы мүмкін.

Сондай-ақ, доктор Хьюз еске салады: оның пікірлері медициналық кеңесті алмастырмайды, сондықтан сіздің ерекшеліктеріңіз туралы қосымша мәлімет алу үшін дәрігерге барғаныңыз жөн. 


Фото: Unsplash/Smit Patel

Поделиться: