Фото: Spotlight

Сәнді күннен қорғайтын көзілдірік тізімін қара.

Егер бір рет сән мен уақыттан тыс сапалы модель сатып алсаң, онда ол саған көптеген жылдар бойы қызмет ете алады. Сонымен қатар, барлық киім үлгісімен үйлестіруге болады!

Бірнеше маусымнан кейін сәннен шықпауы үшін дүкендерде қандай көзілдіріктерге назар аудару керек? 

Мысық көз

Ұзартылған жиектері бар сопақ пішіні мысықтың көздерін еске түсіреді. Мұндай жақтаулар әртүрлі материалдардан жасалуы мүмкін — металл, пластик немесе тіпті ағаш. Бірақ, ең әмбебап түрі — трапеция немесе сопақ линзалары бар қара пластикалық жақтау. Олар сенің келбетіңді нәзік және талғампаз етіп көрсетеді.

Saint Laurent

134 000 KZT

Авиаторлар

Бастапқыда көзілдіріктің бұл түрі әуе күштерінің ұшқыштарына арналған. Авиаторлардың кең көру бұрышын қамтамасыз ететін және көзді жарқын жарықтан қорғайтын үлкен линзалары бар. Өте функционалды! Сондай-ақ, олардың металл жақтаулары жұқа, олар жайлылық береді.

көзілдірік

Bottega Veneta Eyewear

128 000 KZT

Вайфарерлер

Ешқашан ескірмейтін мәңгілік классика. Бұл көзілдірікті Хейли Биберден бастап Наоми Кэмпбеллге дейінгі барлық жұлдыздар жақсы көреді. Олардың басты ерекшелігі — әмбепаптығы, қысқа шалбар, жейделермен де, көйлектермен және тіпті кешкі киімдермен де келе береді. 

көзілдірік

Ray-Ban

63 000 KZT

Тікбұрышты

Егер вайфарерлер ұнаса, бірақ сонымен бірге әйелдік және ұқыпты болғанын қаласаң, онда тікбұрышты жақтаудағы ұзартылған көзілдіріктерге назар аудар. Олар бірдей негізгі және әмбебап, бірақ сәл жеңілірек және «салмақтырақ».

көзілдірік

Dior

128 000 KZT

Панто

Барлығына сәйкес келетін пішін! Киім үлгісін ерекше пішіні мен металл жақтаудың арқасында ерекше етеді. Мұндай көзілдірік өте жарқын көрінеді, сонымен бірге бұл бірнеше маусымнан кейін «кететін» жылдам тренд емес. Панто-көзілдірігі өткен ғасырдың 30-шы жылдарында сәнге айналды және содан бері өзектілігін жоғалтпады.

Fendi Eyewear

100 000 KZT


Фото: Spotlight/ Net-a-Porter

Поделиться: