Қазақстандық әнші Ерке Есмахан өз оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, қыздарға кеңесін айтты. Әртіс мінсіз болу мүмкін емес деп санайды.
«Сен мінсізсің», — деді Еркеге әлеуметтік желіде.
«Мен мінсіз емеспін, мен қызықтымын! Бір құпияны ашайын. Мен мінсіз болмағаным үшін күйеуім маған ғашық болды. Қыздар, мінсіз, мойынсұнғыш немесе әрқашан құрбан болып жүруден қашыңыздар»,
деп жазды Ерке.
Жанкүйерлер де бұрынғы Еркені сағынғандарын айтып шағымданды. Олар әншінің тұрмысқа шыққаннан кейін көп өзгергенін байқады.
«Бұрынғыша жүре берсем бір орыннан қозғалмай қалар едім ғой. Ал, қазір жанұя, бала-шаға, әйел, ана бақыты мен үшін ең үлкен байлық, Аллаға шүкір. Өмір — өзен»,
деп жауап берді әртіс.
Фото: Instagram
Поделиться: