Ерке Есмахан үшінші рет ана атанбақ

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:27

Instagram: @erke_esmahan

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан Instagram желісіндегі оқырмандарымен кезекті жүктілігі туралы жаңалықтарымен бөлісті. Әншінің үшінші баласына аяғы ауыр.

Жаңа фотосуреттерде Есмахан ішін көрсетті. Онымен бірге күйеуі RaiM-ды және екі ұлы – Муслим мен Исламды көруге болады.

«Сүйінші! Аллаға сансыз шүкір! Маған қазақтың санын, Райымбектің ұрпағын көбейту бұйырыпты»,

деп жазды әнші.

Айта кету керек, ерлі-зайыптыларлың бұл ортақ екінші сәбилері. Ерке өткен қарашада Ислам есімді ұлды дүниеге алып келген болатын.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше