Қазақстандық әнші Ерке Есмахан өзінің жұбайы RaiM жанкүйерлер үшін тосын сый дайындап жатқанын хабарлады — алдағы концертте әртіс ұлы Исламды көрсетуді жоспарлап отыр.
«Күйеуімнің жақында жарық көретін жаңа альбомының аяқталған толық нұсқасын жаңа ғана тыңдадым. Көзіме жас келді. Ғажап! Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші»,
деді ол өзінің таңданысын жасырмай.
Ерке жанкүйерлерге күйеуінің концертінде өнер көрсететінін еске салды, онда олар жаңа әндерін бірге орындайды. Ол, сонымен қатар, RaiM шығармашылығының жанкүйері екенін мойындады. Соңғы шыққан оның бейнеклипі, оқырмандарының қолдауының арқасында YouTube трендтерінде, деп қосты әнші.
Ерке тыңдармандарды тағы қандай тосын сый күтіп тұрғанын айтты.
«Сосын мына баланы 3 қараша, әкесі концертте, сахнаға алып шығады деген сыбыс бар. Өзім таң қалып тұрмын»,
деп қорытындылады әнші.
Фото: Instagram