Instagram: @erke_esmahan
Қазақстандық жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен RaiM қысқы демалысқа шетелге аттанды. Рейсті күту кезінде әуежайда түсірілген фотосуретті ерлі-зайыптылар әлеуметтік желіде жариялады.
Бұған дейін жүкті Ерке Есмахан жолсөмкелерін жинап жатқанын айтқан болатын —жұлдызды отбасы жаңа жылды қарсала салысымен бірден шетелде ұзақ демалысты жоспарлаған. Алайда, ол кезде Ерке қай елге баратындарын айтпаған болатын.
Әнші мен оның жұбайының сторисінде Алматы әуежайынан фото пайда болды. Ерлі-зайыптылар балалары Муслим және Исламмен бірге рейсті күтті.
RaiM құпияны ашты — ол «Алматы-Милан» деген жазумен сурет жүктеді. Ерке алғашқы демалыс күнінде Италиядағы демалысымен бөлісіп, шоппинг жасап, театрға барып үлгерді.
Instagram: @erke_esmahan
Естеріңе сала кетейік, желтоқсан айының соңында Ерке Есмахан үшінші жүктілігі туралы хабарлаған болатын.
Фото: Instagram