Енді жемпірді сәндік құрал ретінде қолдануға болады: подиум стилистерінен кеңес

Күнделікті киімге жаңаша сән беру жолы

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 14 октября 2025, 13:49
жемпір
Spotlight: Versace SS’26

Сенің гардеробыңда кем дегенде бір жемпір бар екеніне сенімдіміз. Ең болмаса, суық маусымға арналған қалауларыңның тізімінде бұл киім міндетті түрде бар шығар. Керемет жаңалық: биыл жемпір қарапайым киімнен сәнді образды толықтыратын әшекейге айналды. Біз мұны Нью-Йорк сән апталығы аяқталғаннан кейін байқай бастадық. Ал сән маусымы біткен соң бұл үрдіс анық дәлелденді. Ендеше трендтегі жемпірді қалай таңдап, оны сәнді етіп киюге болатынын талдайық. Бұл үшін көктем-жаз маусымының подиум образдарын үлгі ретінде аламыз.

Енді емпірді әшекей ретінде қолдануға болады: подиум стилистерінен кеңес
Spotlight: Bottega Veneta SS’26

Жемперді әшекей ретінде қолданған образдарды Bottega Veneta, Simone Rocha, Loewe, Acne Studios, Celine және басқа да брендтердің сән көрсетілімдерінен байқадық. Сонымен қатар, сән апталығының алғашқы күндерінен бастап street style жұлдыздарының образдарында да жиі кездестірдік. Бәрінің сыры — дұрыс стилизацияда. Қазір екі өзекті тәсіл бар.

Бірінші тәсіл — көпшілікке жақсы таныс. Жемпірді иыққа іліп байлау туралы айтып отырмыз. Преппи стилі танымал болған кезде бұл тәсілді бәрі үйреніп алған шығар. Дегенмен еске сала кетейік: жемпірдің жеңдері алдыңғы жаққа еркін түсіп тұруы керек, ал артқы бөлігі ұқыпты тегістелген болсын. Сондай-ақ байлаған түйіннің пішініне мән бер: ол жинақы әрі көлемді болып көрінуі қажет. Егер жемпір үнемі сырғып түсе берсе, оны шағын түйреуішпен немесе сәнді бұйыммен бекітуге болады. Осындай мысалдарды Bottega Veneta мен Loewe подиумынан көрдік. Қалауыңа қарай, классикалық әдісті жаңаша түрлендіруге де болады: бір иыққа қарай ысырып, асимметриялы етіп байла. Мұндай идеяларды Acne Studios және Tom Ford сән көрсетілімдерінен таба аласың.

Енді жемпірді әшекей ретінде қолдануға болады: подиум стилистерінен кеңес
Spotlight: Stein SS’26

Екінші тәсіл — жемпірді белге, яғни жамбас тұсына байлау. Бұл нұсқада бәрі оңай: беліңнен сәл төмен түйін жасап қойсаң, жемпір жақсы тұрады әрі жүріп-тұрғанда пішінін жоғалтпайды. Тек артқы бөлігіне назар аударып, артық бүктемелердің жиналып қалмауын қадағала.

Мұндай стилизацияға кез келген жемпір жарай береді, бірақ маңыздысы — трикотаж жұқа және тоқыма ұсақ болуы керек. Өйткені қалың, көлемді джемпер стилизацияға көнбей, образды ауырлатып жібереді. Егер жемпірің образдың басты емес, нәзік екпіні болғанын қаласаң, бір түсті, заманауи реңктегі нұсқаны таңда. Мысалы, қызыл, сары немесе ашық қызғылт түсті.

Тағы бір балама тәсіл бар — оны Versace көрсетілімінен байқадық. Егер иыққа байланған классикалық нұсқа ұнамаса, оны кардиганмен алмастыр. Мақсат сол қалпында, бірақ образ әлдеқайда әсерлі көрінеді.


Фото: Spotlight

Дереккөз: Grazia

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше