Бұл өзгеріс — әлемдік әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) қазақстандық спортшының табысына берген бағасы.
WTA-ның ресми сайтындағы жаңартылған мәліметке сәйкес, Елена Рыбакина екі сатыға жоғарылап, ресейлік Мирра Андреева мен америкалық Мэдисон Кисті басып озды.
Әйелдер теннисінің жаңартылған әлемдік рейтингі (WTA):
- Арина Соболенко (Беларусь)
- Ига Швентек (Польша)
- Коко Гауфф (АҚШ)
- Аманда Анисимова (АҚШ)
- Джессика Пегула (АҚШ)
- Жасмин Паолини (Италия)
- Елена Рыбакина (Қазақстан)
- Мэдисон Кис (АҚШ)
- Мирра Андреева (Ресей)
- Екатерина Александрова (Ресей)
Айта кетейік, Қытайдағы турнир барысында Рыбакина Жасмин Паолиниді жарыстан шығарса, финалда Екатерина Александровамен өткен тартысты кездесуде жеңіске жетті.
Бұл жеңіс оған рейтингілік ұпайлармен қатар 164 мың АҚШ доллары (шамамен 88 миллион 474 мың теңге) көлемінде жүлде әкелді.
Ал маусым қорытындысы бойынша есептелетін WTA чемпиондық жарысында Елена Рыбакина әзірге тоғызыншы орында. Маусымның соңғы екі аптасында финалдық турнирге жолдама алуы үшін ол Паолиниді немесе Андрееваны ұпай саны бойынша басып озуы қажет.
Фото: Instagram
Дереккөз: Tengri Sport