Елена Рыбакина спорттық мансабында тұңғыш рет әлемнің үздік теннисшілерінің ондығына кірді.
WTA әйелдер теннис қауымдастығы Австралия ашық чемпионатының қорытындысы бойынша рейтингті жаңартты. Australian Open финалисті және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мансабында алғаш рет әлемдік рейтингте оныншы орынға шықты, ал бұрын жекелей сында 15 саты төмен болды. Ал Юлия Путинцева 47-ші орыннан 44-ші орынға көтерілді.
Бірінші орында Польшалық спортшы Ига Швентек. Бесінші орыннан екінші орынға Australian Open жеңімпазы беларуссиялық Арина Соболенко көтерілді, ал үшінші қатарда бұрын екінші болған Тунистік Онс Жабер болды.

Жұптық разрядта қазақстандық Анна Данилина 24-ші орынға түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Елена Рыбакина Үлкен Дулыға турнирінің финалында – Мельбурндегі Australian Open-де жеңіліп қалды. Финалдық матчта 23 жастағы қазақстандық 2 сағат 28 минутта беларустік 24 жастағы Арина Соболенкаға есе жіберді.
Фото: Instagram/ @lenarybakina/ KTF