Дженнифер Лопес пен Бен Аффлек

Дженнифер Лопес пен Бен Аффлектің қарым-қатынасы көпшіліктің назарында!

Айырылысқаннан кейін 20 жыл өткен соң, ерлі-зайыптылар қайтадан қосылған болатын. Қазіргі таңда Голливудтың ең әдемі жұптарының бірі. Осы жазда Джей Ло мен Бен үйлену тойын өткізді, суреттерімен әлі күнге дейін ғаламтарда бөлісуде. 

Бір қарағанда қарым-қатынастары мінсіз болып көрінуі мүмкін. Алайда, әдемі жұптың арасында туындайтын мәселелер де жоқ емес екен. 

Дженнифер Лопес Бен Аффлектің бір жаман әдетіне шыдай алмайтыны белгілі болды. Әнші күйеуінің үнемі темекі шегетінін ұнатпайды. Актер сүйіктісі үшін жеңілдікке барған: ол үйде темекі шегуден бас тартты, бірақ ол тәуелділіктен біржола құтыла алмады. 

Дженнифер Лопес Бен Аффлектің қай қасиетін ұнатпайды? 

Естеріңізге сала кетейік, Аффлек пен Лопес 2001 жылы танысқан болатын. Кездесуден кейін көп ұзамай актер әншіге ұсыныс жасады және олардың үйлену тойы 2003 жылы өткізілуі керек еді, бірақ тойға жақындағанда болмайтынын мәлімдеді. 2021 жылы олар қарым-қатынастарын қайта бастады, ал осы жылдың сәуір айында Бен Дженниферге ұсыныс жасады.


Фото: Instagram/ @jlo

Поделиться: